Оқушылар TEDx алаңында идеяларын ұсынды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
29.01.2021
999
700

29 қаңтарда Тараз қаласының TEDx NIS виртуалды алаңында мектептің 3 оқушысы қызықты және озық идеяларымен бөлісті. Олар өз баяндамаларын Teams платформасының тікелей эфирінде ұсынды, соның арқасында мектептің ондаған басқа оқушылары спикерлердің баяндамаларын тыңдай алды.

Спикерлердің алғашқысы болып 11-сынып оқушысы Аида Чиналиева сөз алды. Ол «Вегетарианизм – көптеген мәселелердің тұрақты шешімі» тақырыбын таңдап, ет жеуден бас тарту арқылы қандай экологиялық проблемаларды болдырмауға болатындығы туралы айтты.

8-сынып оқушысы Бағдәулет Ағаділдің баяндамасы «Бос уақытты қалай тиімді басқару керек» тақырыбына арналды. Бағдәулет бос уақытты дұрыс басқарудың ең жақсы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

«Білім алуды байыту үшін еркін ойындарды пайдалану» тақырыбын 9-сынып оқушысы Назерке Мейірхан ашты. Назеркенің пікірінше, еркін ойындарды қолдану оқушылардың ынтасын арттырады және оқу процесіне толығымен қатыстырады.

– Тараз қаласы NIS TEDx жобасы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Конференция міндеті – бірегей идеяларды тарату. Ал бүгінгі естігендеріміз шынымен де керемет. Оқушыларымыз көптеген пайдалы және қызықты идеяларын ұсынуда, сондықтан оларға өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру өте маңызды, – деп санайды мектеп директорының орынбасары Айша Жолдасбекова.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку