Оқушылар «Туған елге тағзым» нәтижелерімен бөлісті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
24.09.2019
999
700

Жазда «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында Ақтөбе және Көкшетау қалаларының Зияткерлік мектеп оқушылары Тараз жеріне келген болатын. Апталық өлкетану-экспедициясы кезінде оқушылар аймақтың тарихи, мәдени-ғылыми және индустриялды ерекшеліктерімен танысып, зерттеу жүргізді.

Экспедициялық топты алып жүру мақсатында Тараздық Зияткерлік мектебінің оқушылар мен қызметкерлерінен еріктілер тобы жасақталды. Аталған топ осы апта ішінде мектеп қауымдастығы алдында еріктілік қызметтерінің барысы жайлы есеп берді. Ерікті оқушылар өз қатарластарын мектеп шараларына белсене араласуға шақырып, еріктілік қызмет барысындағы жақсы әсерлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, мектептің «Азат» шаңырағы «Туған елге тағзым» зерттеу-өлкетану экспедициясы аясында екі апта Атырау өңірінде болып қайтты. Мұнайлы өлкеде алған әсерлерімен шаңырақ кураторы Элмира Құспекова мен шаңырақ оқушылары бөлісті.

–  Біз Атырауды көбіне мұнайдың отаны ретінде білеміз. Алайда экспедиция кезінде облыстың тарихи, мәдени-танымдық орталықтарға бай екеніне көз жеткіздік. Ал балық шаруашылығы
қаланың ғана емес, күллі елдің ірі салаларының біріне айналған. Достар, дәл осылай еліміздің аймақтарын аралап, білім көкжиектеріңді кеңейткілерің келсе, оқу жылы ішінде белсенділік танытып, жақсы оқыңдар! – деп сөзін түйіндеді «Азат» шаңырағы өкілі.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку