Тараз қ. НЗМ оқушылары көпжанрлы байқауда екі Гран-при жеңіп алды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.11.2020
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Qazaq Star dance music festival» Халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы байқауының екі Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Мектеп хореографы Аян Әуесбектің жетекшілігімен жеті бозбаладан құралған «Reflection» би тобы танымал кавказдық «Лезгинка» биін орындады. Қазылар алқасы ұжымның үйлесімді қозғалысы мен кәсібилігін жоғары бағалады. Жас бишілер байқаудың «Хореография»номинациясы бойынша Бас жүлдеге ие болды.

– Ұлдармен жұмыс жасау өте қиын екенін мойындау керек, өйткені олардың денесі көп би икемдеріне келе бермейді. Оларға музыкалық әрі ырғақты орындауды үйрете білу қажет. Таңдаған материалдары өте күрделі, грузин биі нақты орындауды талап етеді, бірақ олар жарады, өте жақсы орындап шыққан. Топқа шығармашылық табыстар тілеймін, – деді қазылар алқасының мүшесі, еңбек сіңірген хореограф Ольга Привалова.

Сондай-ақ, фестивальдің виртуалды сахнасында 10-сынып оқушысы Арайлым Баялы өнер көрсетті. Ол музыкалық жетекшісі Бауыржан Баймаханбетовпен бірге дайындалған «One Direction» тобының «Story Of My Life» әнін орындады. Қазылар алқасы оқушы қыздың жоғары орындаушылық шеберлігі мен әртістік қабілетін атап өтті. Осылайша, Арайлым мектептің марапат қоржынына «Вокал» номинациясы бойынша фестивальдің екінші Гран-приін салды.

– Арайлымның дауыс ырғағын біз вокал сабақтары кезінде жаттықтырдық. Дауысты ашу және күшейту үшін жеке жаттығулар жиынтығы таңдалды. Осы сынды вокал сабақтарында біз балалардың эстетикалық сезімдерін дамытуға, олардың білімін кеңейтуге, жоғары көркемдік талғамын тәрбиелеуге тырысамыз, – деген ойымен бөлісті мектептің музыкалық-көркемдік жетекшісі Бауыржан Баймаханбетов.

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АРАСЫНДА 10-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ.

Қазақстан және шет елдерден, соның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Түркменстан мемлекеттерінен математикадан 186, физикадан 69, информатикадан 37 мұғалім қатысқан дода да мектебіміздің мұғалімдері де бақ сынасты. Дәстүрлі байқау биыл 10–шы рет Алматы қаласында өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты мұғалімдердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету, басқа елдердің педагогтарымен өзара байланысын арттыру. Байқауға Тараз қаласы […]

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті.

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы республикалық конкурсы өтті. Шапағат байқауы ғылыми жобалар мен өнертапқыштар үшін таптырмас мүмкіндік. Осы жылы байқау 18-ші рет өтуде.Бұл уақыт аралығында бұл нағыз таланттар үшін ең үлкен мерекеге айналды. Байқаудың мақсаты – қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін және отандық кәсіпорындардың көрнекті жетістіктерін қолдау және […]

Еуропадағы халықаралық ғылым, мәдениет және өнер академиясындағы ресми халықаралық жарыстарда, соның ішінде Париж “Euro Vedia Star Group” Француз республикасында байқауға қатысқан зияткерлер жетістікке жетті.

📍Еуропадағы халықаралық ғылым, мәдениет және өнер академиясындағы ресми халықаралық жарыстарда, соның ішінде Париж “Euro Vedia Star Group”  Француз республикасында байқауға қатысқан зияткерлер жетістікке жетті. Марапаттау рәсіміне Париж және Ницца қалаларына шақырту келді. 🔹Diploma laureate 1prix Saule AlbayТақырыбы: “Органикалық қалдықтарды құнарландыра отырып жануарлар жемін дайындау”.Жетекшісі: Култасова Сериккул Утеновна🔹Diploma laureate 1prix Aitzhan Abdiraim Тақырыбы: ” Талас өзенінің […]

Тараз қаласының әскери госпиталі және Тараз қаласындағы НЗМ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мектебіміз Тараз қаласының әскери госпиталімен бірлесе отырып ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандумның мақсаты тараптар арасында шефтік жұмыс көрсету, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және өмір қауіпсіздік негіздеріне, алғашқы көмек көрсету әдістеріне оқыту, олардың кәсібилігін арттыру мақсатындағы ынтымақтастық болып табылады. Алдағы уақытта бірлесе отырып дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, практикалық сабақтар жүргізу жоспарға енгізілді. Ынтымақтастық аясында […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку