Жазғы демалыста Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары екі апталарын ауылда өткізіп, ондағы кездесетін өзекті мәселелермен танысып қайтты. Ауыл өмірімен танысу Зияткерлік мектептердің «2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибесі аясында жүзеге асты.
Жақында оқушылар аталған жоба нәтижелерімен бөлісіп, мектеп ішінде таныстырылым жасады.
– Өз тәжірибемді мен нағашыларымның ауылы Құланда өткіздім. Екі апта бойы туыстарыма түрлі шаруаларда көмектестім. Мәселен, мал бағыстым, отын жардым, аула тазалап, су тасыдым. Менің түйгенім, ауыл тұрғындарының тұрмысы біраз жақсартуларды қажет етеді. Қалада бар интернет, су құбырлары, асфальт жол сияқты ыңғайлы дүниелер жоқтың қасы деуге болады. Болашақта біз осы мәселелердің шешімін табуға барынша тырысуымыз қажет, – деп өз ойымен бөлісті 8-сынып оқушысы Бекнұр Рәтбек.
Оқушылар «2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибесімен қатар, жаз кезінде «Он күн ата-ана жұмысында» жобасына да қатысты. Олар он күн бойы анасы немесе әкесінің жұмыс орнына барып, кәсіптерінің қыр-сырын түсінуге тырысты. 11-сынып оқушысы Аяжан Ербосынова емханада дәрігерлік қызметін атқаратын анасының жұмысында болып қайтты.
– Дәрігерлік қызметтің үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты қажет ететіндігіне көзім жетті. Анамның жұмысын жеңілдету үшін оған барынша көмектесуге тырыстым. Кішігірім тапсырмаларды орындап жүрдім. Болашақта өзім де медицина саласында оқығым келеді, – дейді Аяжан.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.