Тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы сахнасында өнер көрсетті. Шара «ЮНЕСКО Клубтарының IV шығармашылық Академиясы» жобасының салтанатты жабылуына орай өтті.
Он күнге созылған ерекше оқу бағдарламасына конкурстық кезеңнен сүрінбей өткен 50 дарынды оқушы қатысты. Солардың арасында Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Данияр Егеубай, Аружан Жақсылық, Мира Мырзахметова мен Зарема Тұрсынбаева бар.
Академияға қатысу үшін балалар ғылыми жобалау қызметі, коммуникативтік дағдылар мен шешендік өнер, бейнелеу, вокалдық және хореографиялық өнер номинациялары бойынша бақ сынасты. Атап өту керек, жобаның іріктеу кезеңіне Қазақстан бойынша 2000-нан астам дарынды және ынталы балалар мен жасөспірімдер қатысқан.
Инновациялық платформа аясында финалистер Қазақстанның көрнекті өнер және ғылым қайраткерлерінен дәріс алған. Сонымен қатар, олар Massaget.kz, Tengrinews, Vesti.kz ақпараттық порталдары, The Steppe медиа-порталы мен «OYLA» ғылыми-көпшілік журналының редакцияларын аралап, Б. Аюхановтың би театрында өнерлерін шыңдаған. Эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиев болса жас өнерпаздарға пайдалы кеңестер беріп, шығармашылықтарына қолдау білдірген.
ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы – бұл еліміздің жетекші мамандары мен мэтрлерінен құнды білім алуға мүмкіндік беретін жасөспірімдерге арналған бірегей платформа. Жоба 2016 жылдан бері ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіледі.
I-орын; «Биология» пәні бойынша Пернебек Аделя,Бейсембек Дания. Жетекшісі: Койшыгараева А.Т. «Ағылшын тілі» бойынша Келесова Мерей. Жетекшісі: Сейдуалиева З.Ш. «Орыс тілі» пәнінен Студенцов Никита. Жетекшісі: Белозерова О.И. II-орын; «Информатика» пәні бойынша Жансейт Арсен, Мейрамбек Нұрасыл. Жетекшісі: Колоханов Н.Е. «Орыс тілі» пәнінен Түкен Бибінұр, Куат Аруана. Жетекшілері: Станишевская Г.А. және Танибекова Р.Ж. «География» пәнінен Рахымжан Ерасыл. Жетекшісі: […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Нұрай Едіге Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды. Бұл мектебіміз үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектебіміздің тарихында біздің оқушымыз Катар мемлекетінен білім алатын болады. Northwestern Университеті әлемдік рейтингінде #24-ші орында, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет. Northwestern Qatar университетінен […]
NIS базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиада еліміздің 21 аймағында және көршілес Қырғызстан мемлекетінің ірі қалаларында 6-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл олимпиада жобасы 2016-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің негізінде математиканың үздік дәстүрлерінің лайықты жалғасы ретінде құрылған. Олимпиадаға өз бақтарын сынауға Жамбыл облысынан орта мектеп оқушыларымен қатар, БИЛ, Дарын, СШОД оқу […]
Зияткерлер арасынан “Believe – жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн. Кезекті жоба “CarboNick – парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.