Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Сәния Қайнарқызы Халықаралық Балалар өнер қоры (ICAF) ұйымдастырған өнер Олимпиадасына АҚШ астанасына шақырту алды. Санияның «Каратэ – менің жақсылық философиям» атты жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. NIS оқушысы олимпиаданың екінші кезеңінде Қазақстанның атынан қатысатын жалғыз делегат атанды.⠀
– Сурет салумен көптен бері айналысамын. Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойымды білдіре аламын. Бірнеше жыл бұрын көркемсурет мектебін аяқтадым, қазір өнер мұғалімі Елена Львовна Пактың элективті курстарына қатысып жүрмін. Сурет салумен қатар спортпен шұғылданамын, домбырада ойнаймын. Бұрын спорттық бал билерімен айналысатынмын, қазір каратэге қызығып жүрмін. Дәл осы спорт түрі мені конкурстық жұмысымды жасауға шабыттандырды, – дейді дарынды оқушы Сания.⠀
Короновирус пандемиясына байланысты Олимпиаданың соңғы кезеңі келесі жазға ауыстырылды. Бірақ бұл Санияның көңілін түсірген жоқ, өйткені ол өз шеберлігін шыңдауға көп уақыт бар екеніне қуанышты. ⠀
Вашингтондағы жеңіс – бұл Санияның алғашқы шығармашылық жетістігі емес, ол «Премия нового формата», «Звезды мира» және «Ак бастау» сияқты халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерген.
I-орын; «Биология» пәні бойынша Пернебек Аделя,Бейсембек Дания. Жетекшісі: Койшыгараева А.Т. «Ағылшын тілі» бойынша Келесова Мерей. Жетекшісі: Сейдуалиева З.Ш. «Орыс тілі» пәнінен Студенцов Никита. Жетекшісі: Белозерова О.И. II-орын; «Информатика» пәні бойынша Жансейт Арсен, Мейрамбек Нұрасыл. Жетекшісі: Колоханов Н.Е. «Орыс тілі» пәнінен Түкен Бибінұр, Куат Аруана. Жетекшілері: Станишевская Г.А. және Танибекова Р.Ж. «География» пәнінен Рахымжан Ерасыл. Жетекшісі: […]
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 – сынып оқушысы Нұрай Едіге Катардағы Northwestern университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100% грант иегері атанды. Бұл мектебіміз үшін айтарлықтай жағдай, бірінші рет мектебіміздің тарихында біздің оқушымыз Катар мемлекетінен білім алатын болады. Northwestern Университеті әлемдік рейтингінде #24-ші орында, Америка құрама штаттарындағы #9 Ұлттық Университет. Northwestern Qatar университетінен […]
NIS базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Аталған олимпиада еліміздің 21 аймағында және көршілес Қырғызстан мемлекетінің ірі қалаларында 6-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп келеді. Бұл олимпиада жобасы 2016-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің негізінде математиканың үздік дәстүрлерінің лайықты жалғасы ретінде құрылған. Олимпиадаға өз бақтарын сынауға Жамбыл облысынан орта мектеп оқушыларымен қатар, БИЛ, Дарын, СШОД оқу […]
Зияткерлер арасынан “Believe – жетілдірілген құралдарды қолдана отырып, аралардың өмір сүру сапасын бақылауға және жақсартуға арналған ақылды, инновациялық ұя”-жүйесін ойлап тапқаны үшін, Айдархан Амирхан, Бекбулат Жангерей, Даулети Адилет жүлделі ІІ-орынды иеленді, сондай-ақ жеңісті жоба үшін 4 млн. Кезекті жоба “CarboNick – парниктік газдардан жасыл сутегін өндіруге арналған озық зауыт”-ұсынған Буркитбаева Адель, Бакирова Фатима ІІІ-орын және […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.