Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері ең ірі халықаралық конференцияға қатысты

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
19.09.2019
999
700

Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдері Инна Аксенова мен Инна Богучарская Германияның Гамбург қаласында  өткен ECER 2019 білім саласындағы ең ірі еуропалық конференциясына қатысты. Олар халықаралық ғылыми жұртшылық назарына «Тәуекелдер әлемінде PBL (проблемалық-бағытталған оқыту) қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби дамуына ұйымдастырушылық инновацияларды енгізу» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Педагогтардың айтуынша, ECER 2019 конференциясына қатысу білім беру саласындағы заманауи зерттеу үрдістерін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, олар шетелдік әріптестерінің конференцияда ұсынылған зерттеу нәтижелері қолжетімді, әрі жоғары кәсіби деңгейде ұсынылғанын атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша Аксенова И.В. мен Богучарская И.Г. Фридрих-Александр атындағы университеттің педагогика институты профессоры Майкл Голич басшылығымен ұйымдастырушылық оқыту саласындағы жетекші зерттеушілердің кәсіби қауымдастығына мүше болды. Қауымдастыққа мүше бола отырып, мұғалімдер халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта жаһандық және әлеуметтік қауіп-қатерлер әлемінде кәсіби дамыту бойынша жергілікті мұғалімдерге қолдау көрсетуді жалғастырады.

Биылғы жылы ECER әлемнің түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық жетекші ғалымдар мен білім беру саласының мамандарын жинады. Білім берудегі зерттеулер бойынша Еуропалық қауымдастық (EERA) ұйымдастырған биылғы форум болашақ үшін білім беру зерттеулерінің рөліне арналды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку