Таразда Назарбаев Зияткерлік мектебіне құжаттар қабылдау жалғасуда

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
09.01.2020
999
700

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Т.С. Нуркешовтың және директор орынбасары Н.М.Тұрмаханбетованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Конференция барысында спикер Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсу туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Талапкерлердің құжаттарын қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266, тел.: 8 (7262) 99-98-55, 8 (7262) 99-98-58 ;

Тестілеу 2020 жылғы 14-15 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты trz.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

дүйсенбі-сенбі: 9.00-18.00

түскі үзіліс:12.30-13:30

жексенбі: 10.00-15.00

Жаратылыстану-математика пәні бойынша тесттер:

1) «Математика»;

2) «Сандық сипатамалар»

Емтихан ұзақтығы – 90 минут

Өтетін күні: 2020 жыл 14-наурыз

Тілдік сынағы:

1) қазақ тілі;

2) орыс тілі;

3) ағылшын тiлi;

Емтихан ұзақтығы – 120 минут

Өтетін күні: 2020 жыл 15-наурыз

Тестілеу нәтижелері соңғы кешенді тестілеу аяқталған күннен бастап 40 күнтізбелік күннен кейін www.nis.edu.kz сайтында жарияланады. Толық ақпарат www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінде.

 

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку