«Туған елге тағзым-2021» зерттеу экспедициясының екінші күні жас өлкетанушылар Тараздағы кесенелердің тарихымен танысты. Оқушылар ең алдымен «Қазақ хандығы» монументінде болды.
Бұл монумент Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне Жамбыл облысынан енгізілген 27 нысанның бірі. Мүсіндік композициядан тұратын монументте ақ мәрмәрдан жасалған 27 метрлік стела және Керей мен Жәнібек хандардың 5 метрлік мүсіндері бар.Ескерткіш Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ашылған.
Оқушылар табан тіреген келесі нысан «Айша бибі» мен «Бабажы–Қатын» кесенелері. Айша Бибі кесенесі – елдегі жалғыз сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын бірегей ғимарат, ол толықтай терракоталық плиталармен қапталған.Ал «Бабажы–Қатын» нысаны болса X-XI ғасырлардан сақталған ескерткіш. Тараз қаласынан 18 шақырым жерде Жамбыл ауданындағы Айша бибі мазары жанында орналасқан.
Бабажы қатын кесенесі ерекшелігімен әйгілі. Мұндай сәулет өнері қазіргі заманғы кесенелердің еш бірінде жоқ. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған, сапарларында еріп жүрген,кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазарының шырақшысы болған. Экспедиция өте қызықты өтуде, әркім Қазақстанның тарихы саласында жаңа білімдерін толықтырды, – дейді экспедицияға қатысушы Досмуганбет Ельзада.
Сонымен қатар оқушылар Тектұрмас, Қарахан, Дәуітбек кесенелері, «Шахристан» тарихи-мәдени орталығында да болды. Ортағасырлық қоныстар мен шатқалдардың тарихын , флорасы мен фаунасын зерттеу үшін ортағасырлық Ақыртас ескерткіші,төменгі Барсхан кенті мен Қара-Арча, Сұғатты шатқалдарында экспедиция ұйымдастырылды.
Өлкетанушылар экспедициясының екінші күні «Рухани қазына» шеберлік сағатымен қортындыланды. Онда оқушылар қазақтың ұлттық ойындарымен танысып, ұлттық тағамдар дайындады. Іс-шараның негізгі мақсаты ұлттық салт – дәстүріміздің дәріптеп, ұлттық мұраны қайта жаңғырту.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.