Жастардың бүгінге тірек, ертеңге негіз екенін ескерген Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады. ⠀
⠀
Игі бастаманың тұсаукесері бүгін Астанадағы «Нұр-Әлем» кешенінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» атауымен өтті. ⠀
⠀
Жиында сөз болған өзекті ойларды ортаға салу мақсатында Тараздық Зияткерлік мектеп оқушылары шараның тікелей көрсетілімін тамашалады. ⠀
⠀
– Бүгінгі жиында сөйлеген жас аға-əпкелеріміздің сөздерінен біраз ой түйдім. Түсінгенім, елімізде жастарға берілген шектеусіз мүмкіншіліктер бар екені. Жəне ол мүмкіншіліктер ниеті бар əрбір жасқа қолжетімді, – дейді оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президенті Саяжан Оңласын.⠀
⠀ ⠀
#NISElbasynQoldaidy #jastarjyly #nistaraz
Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды. 2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы. Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]
Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]
Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты. Соның ішінде Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды. Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.