Директорлар орынбасарларына арналған тағылымдама жалғасуда

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
28.02.2020
999
700

Облыстағы орта мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік орынбасарларының Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі тағылымдамасының кезекті легі өз жұмысын аяқтады.

Ағымдағы жылдың 24-28 ақпанында өткен тағылымдамаға Қаратау қаласындағы мектеп лицейі, Тараз қаласы  №8, №39 мектеп-гимназиялары, Тараз қаласы №54 орта мектебі, Т.Рысқұлов ауданына қарасты №1 мектеп-лицейінің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Тағылымдама барысында олар мектептің даму жоспарын құру, мұғалімнің кәсіби дамыту бағыттары, жаңартылған оқу бағдарламасында  критериалды бағалау жүйесінің жүзеге асырылуы, мұғалімінің сабақты  рефлексиялауы, кәсіби мақсат құрудың маңыздылығы, сабақта іс-әрекетті зерттеу, Lesson Study әдісін сабақта қолдану тәжірибесі, CLIL әдістерін сабақта қолдану, дарынды оқушылармен жұмыс, оқушыларды жеке даму траекториясы бойынша дамытудың жұмыс бағыттарымен танысты. Сабақтарға қатысып теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.

– Мектепке келген соң мен бірінші кезекте әкімшілікті жинап, Зияткерлік мектепте көрген-білгендеріммен бөлісемін. Бұл мектепте әр мұғалім, өз сабағын рефлексия жасай отырып зерттеумен айналысатынындығын көрдім. Көбіне орта мектеп мұғалімдері деңгейлік курстар мен аттестациядан өткеннен соң кәсіби даму осымен бітті деп ойлайды. Мұнда жүріп мен дәл сол сәттен бастап нағыз қызу жұмыс бастау керек екенін ұқтым, – деген ойымен бөлісті №39 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Венера Киргизбаева.

Зияткерлік мектеп директорының орынбасары Алия Жусанбаева: –Аталған мақсаты – НЗМ тәжірибесін таратудың тиімділігін арттыру және осы жұмыстың келесі кезеңге өтуінің алғышарты болып табылады. Тағылымдамадан кейін  мектептердің қажеттілігіне сәйкес нақты тәжірибелерді ендірудің жеке жоспары әзірленіп, соның негізінде әдістемелік қолдау көрсетіледі, – деді өз сөзінде.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку