Ұстаздар Президент Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
04.09.2019
999
700

Бүгін, 2019 жыл 4 қыркүйекте Тараздық Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық  диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы бойынша қызметкерлерге түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Жиынды мектеп директоры Тимур Нуркешов ашып, жолдаудың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзектілігін, халықтың әл-ауқатын көтерудегі маңызын атап өтті. Құжаттағы білім беру бағытына тоқталып, оқушылардың қабілетіне сай кәсіби бағдар беру мен олардың толықтай жоғары оқу орындарымен қамтамасыз етілуі – мектеп жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.

Тарих және география әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ғалия Есжанова Жолдаудың басым бағыттарына қысқа талдау жасап, білім беру саласында орын алатын оң жаңалықтармен бөлісті. География пәні мұғалімі Жақсыбек Сүлейменқұлов мемлекет басшысы ұсынған жүйелі жоспар тұрмыс сапасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік береді деген пікірін білдірді. Сондай-ақ, педагог өз сөзінде азаматтық қоғам құру – бейбіт әрі тұрақты  мемлекеттің кепілі болатынын баса айтты.

Сонымен қатар, ұстаздар қауымы келер жылдың Еріктілер жылы болып ұсынылуы – жастардың бос уақыттарын сапалы әрі пайдалы өткізуіне үлкен септік боларын да тілге тиек етті.

Талқылау соңында қатысушылар Президент Жолдауында көрсетілген барлық бастамаларды қолдайтындықтарын және оларды жүзеге асыруда жақсы және нақты жұмыстар жасалу қажеттігін айтты.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку