23 сәуірде Жамбыл облысының жалпы білім беретін мектеп педагогтарына арналған «Қашықтықтан оқыту кезінде (Microsoft Teams, Google form, Tini scanner, Epic pen) бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып критериалды бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында Тараз НЗМ мұғалімдерінің онлайн вебинарлар сериясы басталды.
Онлайн вебинар қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілуде. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері «Онлайн сабақты тиімді жоспарлау», «Қашықтықтан оқыту кезінде математика сабағынан тиімді кері байланысты ұйымдастыру», «Физика сабағында виртуалды эксперименталдық жұмыстарды жүргізу» тақырыптарында өз тәжірибелерін көрсетті.
Сондай-ақ, НЗМ педагогтары «Қашықтықтан оқыту кезінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша суммативті бағалауды ұйымдастыру» «Microsoft Teams платформасында практикалық жұмысты орындау арқылы химия сабағын жоспарлау», Үй тапсырмаларын тексеру кезінде Tini scanner, Epic pen құралдарын пайдалану» және «Критериалды бағалауды ұйымдастырудағы Microsoft Teams, Google form платформасының мүмкіндіктері» атты тақырыптарды да қамтыды.
Онлайн-вебинар кезінде Жамбыл ауданы Б.Беспаев атындағы мектеп-гимназиясының және Байзақ ауданы Н.Ақшабаев атындағы мектептің мұғалімдері БЖБ және ТЖБ ұйымдастыру бойынша қызықтыратын сұрақтарға мазмұнды жауаптар алды. Онлайн вебинарлар сериясы 2020 жылдың 28 сәуіріне дейін «webinar.ru» платформасында жалғасатын болады.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.