Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жатақхана Life» атты жатақхананың «Ашық есік күні» өтті. Биылғы жылы семинар-практикум форматында ұйымдастырылған дәстүрлі шараға облыстық білім басқармасына қарасты мектеп-интернаттардың 30-ға жуық тәрбиешілері қатысты.
Салтанатты ашылуда Тараздағы НЗМ жатақханасының меңгерушісі Шолпан Кульмахамбетова Зияткерлік мектепте жатақхана қызметінің ұйымдастырылуына шолу жасады. Жиын «Асар» тренингіне ұласып, онда жатақхана тәрбиешілері жағымды орта құруға бағытталған ойындар ұйымдастырды.
Қатысушылармен «100 ән» жобасы аясында активитилар өткізіліп, мандала терапиясы жасалды. Сондай-ақ, мектеп қонақтары «Болашақ өмір негізі – отбасы», «Отбасым менің тірегім», «Отбасы құндылықтары» тақырыптарындағы бірқатар тәрбие сағаттарына да қатысты. Киізден түрлі бұйымдар жасап шеберліктерін арттырды.
Жатақхананың «Ашық есік күні» аясында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы қамтыған жалғызбасты қариялар шақырылып, олармен түрлі іс-шаралар өткізілді. Оқушылар қарияларға компьютерді және интернетті қолдануды үйретсе, қариялар оқушыларға бөлме гүлдерін күтіп-баптаудан шебер сыныбын көрсетті. Сонымен қатар, барлығы бірлесе шығармашылықпен айналысып, қолөнер бұйымдарын жасады.
Шара «Жатақхана Life» концерттік бағдарламасымен жалғасып, онда жатақхана тәрбиеленушілері бар өнерлерін көрсетті. Концертке «Мейірім» мектеп-интернатының балалары да қатысып, ән айтып, би биледі.
– Қатысушылар «Ашық есік күнінің» мазмұнды әрі сапалы өткенін айтуда. Әсіресе, тәрбие бағыты бойынша қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйренгендерін жеткізді. Алдағы уақытта осындай шараларға жиірек шақыру туралы ұсыныстарын білдірді, – деді Тараздағы НЗМ жатақхана меңгерушісі Шолпан Кульмахамбетова.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.