Ертеңгі ел тірегі – болашақ жастарымыздың рухани дамуындағы негізгі тәрбиені сіңіру мектеп қабырғасынан қаланатынын ескерсек, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық тәрбие берумен қатар, салауатты өмір салтын ұстану дағдысын қалыптастыру маңызы орасан зор.
Жатақханада ұйымдастырылатын таңғы жаттығу, таза ауада серуен, түрлі спорттық ойындар тән саулығын сақтау үшін жеткіліксіздігінен дұрыс тамақтану жолдарын, азық-түлік таңдаудың ерекшеліктерін үйретіп, аспаздықтың қыр-сырын тануға жетелейтін «СМАК» үйірмесін ашу қажеттілігі туындады.
Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты мәселелері жыл өткен сайын өзекті бола түсуде, сол себепті ұтымды тамақтану негіздерін оқып-үйрену физикалық тұрғыдан дені сау ұрпақ тәрбиелеуге, адамгершілік жағынан үйлесімділік пен сұлулық сезімін дамытуға, әлемді тұтастай қабылдай білуге ықпал етеді.
Үйірме бағдарламасында ұсынылған теориялық материалдарды меңгеру, көптеген тәжірибелік жаттығуларды орындау, қосымша кітаптарды оқу және талқылау, түрлі ас мәзірін құрастыру барысында дұрыс тамақтану туралы мотивациялық бейнероликтердің көрсетілуі белгілі бір білім мен дағдыларды игеруге, аспаздық сағаттарында ас әзірлеу қиындықтарын еңсеруге көмектеседі.
Қатысушылар: 7-11 сынып тәрбиеленушілері
Мақсаты : Тәрбиеленушілерге дұрыс тамақтану жолдарын, азық-түлік таңдаудың ерекшеліктерін, қолда бар өнімдерден пайдалы, құнарлы тағам дайындауды үйретіп, аспаздықтың қыр-сырын тануға жетелеу, рационалды тамақтану туралы білім беру, ас мәзірін таңдауға деген талғамы мен салауатты өмір салтын ұстану дағдысын арттыру, адамгершілікке, табандылық пен шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
Күтілетін нәтиже: Тәрбиеленушілер әртүрлі тағам түрлерін бағдарлай біледі, дұрыс тамақтану мен санитарлық-гигиеналық талаптардың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтын ұстанады, қолда бар өнімдерден пайдалы, құнарлы тағам дайындай алады.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.