“Азат” шаңырағы

Атауы:  «Азат»

Ұраны: Еркін елдің ұрпағы,

Жүректе от жанары.

Дарынның бұл ордасы,

«Азат» деген Шаңырақ.

 

Кураторы: Кулумбетова Эльмира Ауесбековна

Оқушылар саны: 47

Сыныптар: 8 «В», 12 «С»

Ұлттық құрамы: 46 қазақ, 1 ұйғыр.

 

Жетістіктері: Шаңырақ оқушыларының арасында ынтымақтастық орта  қалыптасқан және қазіргі заман талабына сай білім алып қана қоймай, мектеп қабырғасындағы түрлі үйірмелерге қатысып, өз қабілеттерін жан-жақты дамытуда. Мектепішілік, мектептен тыс түрлі іс-шараларға белсенді қатысып, мектеп өміріне өз үлестерін қосуда. Оқушылар онлайн олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Атап айтар болсақ, Шолпанбеков Алижан – Алматы қаласында өткен желілік «Дарын» атты байқауда физика пәні бойынша «Автономное устройство мониторинга животных на основе метода модуляции LORA» тақырыбында жұмысын қорғап, 2-орынға ие болды. Құрманбек Дана «Производство пищевого порошка через переработку молочной сыворотки» атты зерттеу жұмысымен Халықаралық коференцияға қатысып, Бас жүлдеге белгіленген 2,5 млн. тенгені ұтып алды. Тұрсынбекова Дильназ – STEM бағытындағы “TechGirls 2019” байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болып, 05.06-31.06.2019ж. аралығында АҚШ астанасы Вашингтондағы “Trinity University” (Тринити Вашингтон университеті) және Вирджиния штаты, Блэксберг қаласындағы “Virginia Tech” (Вирджиния Политехникалық университеті) Java бағдарламалау тілінде кодтау сабақтарына қатысып қайтты. Осы байқаудың аясында мектепте 31.10.19ж.-28.11.19ж.  аралығында  8-ші сыныптан 15 оқушыны қамтыған “TechGeneration” жобасы іске асырылды, және компьютерлік қауіпсіздік пен «Java» бағдарламалау тілінде кодтау сабақтарын  өткізді.  Ал, Жапсар Аян мен Шәкенов Ерслан- “Nazarbayev Fund School Challenge-2019” ұшақтар туралы жоба қорғап, Англиядағы Крэнфилд университетіне 1 аптаға  жолдама ұтып алды. Мадиев Абзал – Алматы қаласында өткен география пәні бойынша желілік олимпиададан 3 орынды иеленді. Серік Мақсат – Алматы қаласында өткен, желілік ғылыми жобалар байқауында Аэроғарыштық модельдеу үйірмесі бойынша зерттеу жұмысын қорғады. Осы бағыт бойынша жергілікті телебағдарламаға сұхбат берді.

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку