2018-2019 оқу жылында мектеп жанындағы жатақханада қыз балаға арналған 1 орын босауына байланысты жатақханаға орналасу үшін ата-аналар өтініші мен тиісті құжаттар 2019 жылдың 22-28 ақпаны аралығында қабылданатынын ескертеміз.
Құжаттар дүйсенбі-сенбі күндері аралығында сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-14:00) дейін қабылданады. Жексенбі – демалыс.
Өтініш беруші ата-ана келесі құжаттарды бірге тапсырады:
– оқушының ата-анасының жұмыс бабымен немесе отбасылық жағдайына байланысты мекен-жайы ауысқан болса, ата-анасының басқа жұмыс орнына ауысқандығы туралы бұйрық және келісім-шарт көшірмесін бірге тапсыруы қажет;
– мекен-жайы ауысқан болса, оқушының және оның заңды өкілдерінің мекен-жайы ауысқаны туралы растайтын құүжаттар (мекен-жайы туралы анықтама, селолық округ әкімшілігінен мекен-жайы ауысқандығы жөнінде анықтама тапсыруы қажет)
Жатақханадан орын алуға құқығы басым деп есептелетін оқушылар:
P.S. Орын алу құқығы басым деп табылған бірнеше оқушының жағдайы бірдей болса, орын беру барысында арыз берген күні мен уақыты ескеріледі.
Жатақханадан орын алуға құқығы басым оқушылардың қатарына енбеген оқушыларға орын өтініш тапсырған күні мен уақытына сәйкес кезегімен беріледі.
Жатақханаға қабылдау тәртібі:
Мектеп директорының бұйрығымен оқушыларға жатақханадан орын беру үшін комиссия жасақталады.
Комиссия жоғарыда көрсетілген құжаттарға, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметін ұйымдастыру туралы ережесіне сүйене отырып оқушыларға орын береді.
Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері қажетті деректерді, отбасының тұрмыстық ахуалын анықтауға шыға алады.
Құрметті ата-аналар!
Оқушыларға мектеп жатақханасынан орын бөлу комиссиясының шешімі сіздердің көрсеткен телефон нөмірлеріңізге хабарланады.
Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мекен-жайы: Тараз қаласы, Домалақ ана № 266
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.