2022-2023 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлердің тест нәтижелері


  Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

2022 жылғы 14-15 сәуір күндері өткізілген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсуге үміткерлерді конкурстық іріктеу тестілерінің нәтижелерімен осы бетте танысуыңызға болады.

1-күн. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілеттерін бағалау тесті.

1. «Математика» бөлімі – 400 балл;

2. «Сандық сипаттамалар» бөлімі – 300 балл;

3. «Жаратылыстану» бөлімі – 200 балл.

2-күн. Тілдік тест.

1. Қазақ тілі – 200 балл;

2. Орыс тілі – 200 балл;

3. Ағылшын тілі – 200 балл.

Тестілеу нәтижелері Нидерландыдағы Педагогикалық өлшеулер институтында (Cito) талданады. Үміткерлердің жауаптары арнайы бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып, статистикалық және психометриялық талдау арқылы өңделеді. Бұл тәсіл барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады. Ол тестілеу нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз ететіндіктен, апелляция өткізілмейді.

7 сыныптарда оқу үшін үміткерлерге өткізілген конкурс нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.

Тестілеу қорытындысы бойынша:

– «Математика» бөлімінен ықтимал ең жоғары балдың 35%-ын (140 балл) және одан жоғары;

– «Сандық сипаттамалар» бөлімі бойынша ықтимал ең жоғары балдың 40%-ын (120 балл) және одан жоғары жинаған үміткерлердің материалдары

«Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберіледі..

«Ескерту» бағанындағы «жіберілді», «жіберілмеді» сөздері үміткердің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілу деңгейін анықтайды.

Республикалық комиссия тестілеуден ең жоғары жалпы балл (макс. балл – 1500) жинаған үміткерлерге нақты мектептер шеңберінде бөлінген грант саны шегінде грант тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Тестілеу нәтижесі бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, математикадан неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

Математика бойынша балл саны тең болған жағдайда, сандық сипаттамалардан неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі;

«Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша балл саны тең болған жағдайда, «Жаратылыстану» бөлімінен неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

«Математика», «Сандық сипаттамалар» және «Жаратылыстану» бөлімдері бойынша балл саны тең болған жағдайда құжат тапсыру кезінде көрсеткен оқыту тілінен (қазақ, орыс) неғұрлым жоғары балл алған үміткерлерге басымдық беріледі.

НӘТИЖЕЛЕРДІ ЕКІ ФОРМАТТА КӨРУГЕ БОЛАДЫ:

1. Жеке нәтижелерді көру

2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру

Конкурстық іріктеу нәтижелерін көруге арналған  БЕЙНЕНҰСҚАУЛЫҚ

 1.  Үміткердің жеке нәтижелерін көру үшін res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. ТСК үміткердің конкурстық іріктеудегі рұқсат қағазында көрсетілген.

Жеке нәтижелерді көру

2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру үшін res.nis.edu.kz сайтында оқу жылын, түсу мектебі мен оқыту тілін таңдау қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.

Тізімнің бірінші бөлігінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілген үміткерлердің жалпы балына сәйкес дәрежелік тізім беріледі.

Тізімнің екініші бөлігінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қарауына жіберілмеген үміткерлердің жалпы балына сәйкес дәрежелік тізім беріледі.

Мектеп

7

Қазақ Орыс
Тараз қаласындағы ФМБ НЗМ Конкурстық іріктеу тестілеуінің нәтижелері Конкурстық іріктеу тестілеуінің нәтижелері

 

 

Назарбаев Зияткерлік мектептердің қабылдау комиссияларының мекен-жайы мен байланыс телефондары

ТСК бойынша ақпарат алу қажеттілігі (рұқсат қағазын жоғалту және т.б.) туындаса, төменде берілген кестеге сәйкес Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына хабарласу қажет:

Мектеп Мекенжай Телефон
1  Тараз қ. ФМБ НЗМ  Арай массиві, Домалақ ана к., 266  8 (7262) 99-98-56

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку