2022 жылдың 8 маусымында Министр Аймағамбетов Асхат Қанатұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.
Республикалық комиссия отырысында физика-математикалық бағыттағы Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларындағы, химия-биологиялық бағыттағы Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2022-2023 оқу жылында қазақ және орыс тілдеріндегі 7 сыныптарынан бастап білім алуға іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды.
24 045 үміткер «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысты. Өткізілген кешенді тестілеу нәтижелері бойынша «Математика» және «Сандық сипаттамалар» бөлімдері бойынша шектеулі деңгейді жинаған 10 452 үміткер «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның қарауына жіберілді.
Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде 2022-2023 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 2 728 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанды. 7 724 үміткер резервтік тізімге енгізілді.
1. Үміткердің жеке нәтижелерін көру үшін;https://res.nis.edu.kz сайтында «Менің нәтижелерім» батырмасына басып, тестіленушінің сәйкестендіру коды (ТСК) мен жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.
Жеке нәтижелерді көру |
2. Барлық үміткерлердің нәтижелерін көру үшін https://res.nis.edu.kz сайтында оқу жылын, түсу мектебі мен оқыту тілін және Республикалық комиссияның хаттамасын таңдау қажет. Үміткерлердің нәтижелері ТСК және шифрленген ЖСН арқылы беріледі.
Тізімнің бірінші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен «Өркен» білім беру гранты тағайындалған үміткерлердің тізімі көрсетілген.
Тізімнің екініші бөлігінде Республикалық комиссия шешімімен резервке енгізілген үміткерлердің тізімі көрсетілген.
Мектеп | 7 | |
Қазақ | Орыс | |
Тараз қаласындағы ФМБ НЗМ | Комиссия шешімінің хаттамасы №55 от 08.06.2022 | Комиссия шешімінің хаттамасы №55 от 08.06.2022 |
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.