“Қолдайық, ауыл мектебін!” республикалық әлеуметтік акциясы

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдарға арналған міндеттерінің бірінде «Туған жер» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Туған жерге, оның дамуына айрықша атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі деп атап айтқан болатын. Яғни аталған жоба жақын болашақта жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналып, халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізі болмақ.

Осыған орай, Елбасы ұсынған игі бастаманы жүзеге асыру мен қолдау мақсатында және елордамыз Астананың 20 жылдығы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қолдайық, ауыл мектебін!» республикалық әлеуметтік акциясы Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы бастамасымен қолға алынды.

Іс-шара еліміздің 16 аймағында орналасқан 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  қатысуымен бір уақытта өтеді.

Акцияға Тараздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен оқушылары да ат салысуда.  Игі  шара аясында Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Қостөбе орта мектебіне 100 дана бөлме гүлдері, ақпараттық бұрыш, 300 ден астам көркем және ғылыми-танымдық әдебиет, үстел ойындары, 3D принтері және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Оқу бағдарламалары орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығы, Педагогикалық өлшеулер орталығы жасаған  43 дана мұғалімдерге арналған  әдістемелік нұскаулар сыйға тартылмақ. Акция күні ауыл мектебінің ұстаздарына жаңартылған білім мазмұны мен критериалды бағалау, оқытудың әдістері мен технологиялары бойынша  консультациялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Туған жерім-Қазақстаным!» атты концерттік бағдарлама аясында мектеп оқушылары өнерлерін көрсетеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне көлік қарастырылған. Ол үшін акция күні таңертеңгі сағат 8.20-да Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі алдына келу қажет.

 

Акцияның өтетін күні: 28 мамыр 2018 жыл

Өтетін уақыты: 9.40 – 14.30

Өтетін жері: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қостөбе ауылы, Қостөбе орта мектебі

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку