Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Олимпиаданың облыстық кезеңінен Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары он жеті жүлделі орынмен оралды.
Желілік білім бәйгесі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Қостанай қалаларындағы Зияткерлік мектеп базаларында өтіп, республиканың 700-ден астам зияткерлерін бір ортаға жинады.
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 30-дан астам оқушысы олимпиадаға қатысты. Білім сайысына бірінші болып жаратылыстану-математика пәндерінің өкілдері түсті, ал химия және география пәндерін таңдаған оқушылар Қарағандыға барса, Павлодарда қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша бақ сынады.
Қазылар алқасының құрамында NIS-тың профильді оқытушылары, Сүлеймен Демирел Университеті мен Назарбаев Университетінің жас ғалымдары, оның ішінде Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектебінің түлегі, математикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы Георгий Пак бар.
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Халықаралық “Химик- зерттеуші” байқауынан жеңіспен оралды. Әр қатысушы жеке жоба әзірлеп, оны қазылар алқасының алдында презентация түрінде қорғады. Жалпы, мұндай байқау 7-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын ұйымдастырылады. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу, мектеп оқушыларының химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және ынталандыру. Қазақстан Республикасының ғылым […]
Тараздағы NIS оқушысы Бағлан Жұбатқанов халықаралық Балтық ғылыми-инженерлік байқауында 2- орын қанжығалады. Бағлан байқауға жетекшілері Максим Рыбалкин мен Балжан Дүйсекеевамен бірлесіп, «Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптаушы Робот» жобасын ұсынды. – Осы құрылғы арқылы біздің өңіріміз ғана емес, республикалық деңгейдегі экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндігіміз бар. Аталған жұмыстың өзектілігі сол робот тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үшін тиімді жіктеп, […]
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Олимпиаданың облыстық кезеңінен Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары он жеті жүлделі орынмен оралды. Желілік білім бәйгесі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Қостанай қалаларындағы Зияткерлік мектеп базаларында өтіп, республиканың 700-ден астам зияткерлерін бір ортаға жинады. Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 30-дан астам оқушысы олимпиадаға қатысты. Білім сайысына бірінші болып […]
Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен ЖО Білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастырумен жалпы білім беру мектеп мұғалімдері мен «Ауыл мектебі» жобасына енген мектеп мұғалімдеріне «Тиімді оқыту: оқыту әдістері мен тәжірибеде қолдану» тақырыбында тәжірбие тарату семинары өтті. Тәжірбие алмасу семинарына 283 мұғалім қатысты. Мектебіміздің география, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қазақ тілі […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.