ӘЛЕМ ТАНЫМЫНЫҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕ ОТЫРЫП

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
23.05.2019
999
700

«Фастфуд Таразда қаншалықты танымал?», «АҚШ туралы сіздің пікіріңіз қандай?», «Неге сіздің мектепте тек қыздар ғана оқиды?», «Наурыз көже қалай дайындалады?», «Филадельфияда «Филадельфия» сушиі  танымал ма?» осы және басқа да сұрақтар Қазақстан мен АҚШ оқушыларының онлайн кездесуі барысында талқыланды.

Оқушылардың жаһандық азаматтық сезімін, коммуникация дағдыларын, сондай-ақ мәдениаралық қарым-қатынасын дамыту мақсатында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушыларының АҚШ-тың Огайо штатындағы Columbus School for Girls оқушыларымен нақты уақыт режиміндегі кездесулері ұйымдастырылды.

Екі мектеп оқушылары екі елдің білім беру жүйесі, дәстүрі, мерекелері, мәдениеті, жыл мезгілдері, үй жануарлары және т. б. Алуан түрлі тақырыптарға байланысты әңгімелесті.

Columbus School for Girls оқушылары өз құрдастарына өздерінің May Program жобасы туралы және осы жылдың тақырыбы ретінде Қазақстан таңдалғанын айтып берді. Олардың айтуынша аталған кездесу біздің ел туралы білімдерін толықтыруға едәуір септігін тигізген.  Өз кезегінде, Зияткерлік мектеп оқушылары шетелдік достарының қазақ елі  туралы көп білетіндігі таң қалдырды.

Келесі оқу жылында екі мектептің өкілдері жүйелі түрде бірлескен іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку