Бес басшыға арналған бес нәтижелі күн

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
01.11.2019
999
700

Бүгін облыстағы бес жетекші оқу орындары директорларының Тараздағы Зияткерлік мектептегі тағылымдамасы мәресіне жетті. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай аудандары мен Тараз қаласындағы мектеп басшыларын бір ортаға жинаған шара аптаны қамтыды.

Арнайы жобада атап айтсақ, аудандардағы Ғ.Мұратбаев, Б.Бесбаев, Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиялары, №1 мектеп-гимназиясы, сондай-ақ, қалалық №41 А.Пушкин атындағы мектеп-гимназия директорлары тәжірибе шыңдады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің даму жоспарынан бастап, оқушының оқу жетістігін бағалау, кітапхана ісі, оқушыға кәсіби бағдар беру, психологиялық қолдау қызметі, мұғалімнің кәсіби даму бағыты, іс-әрекетті зерттеу, тәрбие жұмысы жобалары және басқа да салалар бойынша әдістемелік қолдау алды.

Әр күннің екінші жартысында сабақтарға қатысу арқылы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Күн соңында Зияткерлік мектеп басшыларымен бірге естіген-көргендеріне талдау жасады.

– Тағылымдаманың әр күні ойыма жаңа идеялар мен жобалар келіп жатты. Оларды үнемі дәптеріме жазып алып жүрдім. Мектебіме үлкен жоспарлармен оралудамын. Тезірек соларды жүзеге асырып, мектептің қызмет бағытын жаңа арнаға бұрғым келеді, – деді Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназия директоры Гүлнар Сыздыкова

Сонымен қатар, директорлар тарапынан бірқатар ұсыныстар да айтылды. Олардың ішінде дәл осындай тағылымдама  мектеп басшыларының орынбасарларына да өткізілсе деген тілек болды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку