Демалысты пайдалы өткізуде

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
23.03.2020
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары демалыс күндерін пайдалы өткізуде. Наурыз мерекесіне орай олар «Қош келдің, Наурызым!» атты ән айту, сурет салу, Наурыз мейрамына тілек білдіру, эссе жазу, қазақ салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын түсіндіру, аспаздық өнерден (наурыз көже, құрт, жент, бауырсақ дайындау) шебер сыныптарын өткізу, қолөнер бұйымдарын жасаудан өз іскерліктерін көрсетіп дистанционды жарысқа түсуде.

Байқау талабына сай, жұмыс процесін оқушылар видео және фотоға түсіріп, қазылар алқасы мүшелерінің электрондық поштасына жібереді. Айта кету керек, байқауға ата-аналар да белсенді қатысуда.

– Бұл Наурыз мерекесін үйден шықпай-ақ тойлауға және карантин кезінде баламен уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мерекелік дастарханға отбасымызбен Наурыз көже әзірлеп, бауырсақ пісіреміз. Неге бұл процесті видеоға түсіріп алып, жарысқа қатыспасқа, – деп атап өтті сегізінші сынып оқушысының анасы Дина Асрымбетова.

Тараз қ. НЗМ директоры Тимур Нұркешовтың айтуынша, мектеп каникул кезінде балалар мен ата-аналармен байланысты жоғалтпауға тырысуда.

– Байқаудың мақсаты оқушылардың бос уақытын қызықты әрі пайдалы ұйымдастыруға және оқушылар мен ата-аналарды бір іске жұмылдыруға бағытталған. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты үйрету көзделген, – деді мектеп басшысы.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку