«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 3 мамыр күні облыстың білім саласындағы басшы кадрларына арналған білім беру мазмұнын жаңартуға НЗМ іс-тәжірибесі арқылы көшу аясында әдістемелік күн өткізілді.
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында өткен әдістемелік жиынға облыстық білім басқармасы басшылары мен қызметкерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет басшылары мен мамандары, әдіскерлері, жалпы білім беретін мектеп директорлары мен орынбасарлары, ЖОО оқытушылары – барлығы 326 педагогика саласының қызметкерлері қатысты.
Пленарлық сессияның ашылуында сөз сөйлеген облыстық білім басқармасының басшысы Р.С.Турмаханбетова:
– Білім және ғылым министрі Күләш Ноғатайқызы айтқандай, қазір оқушыға тек білім ғана емес, сонымен қатар алған білімін тәжірибеде қолдана білетін дағдыларды да үйретуіміз керек. Қазіргі мектептер осы бағытта жұмыс жасауы қажет, – деді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін тарату департаментінің директоры Г.К.Балгабаева өз сөзінде еліміздің білім саласында оң өзгерістердің қалыптасуы педагогтардың еңбегімен тікелей байланысты екенін, білім мазмұнын жаңарту аясындағы басым бағыттың бірі мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету болып табылатынын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, шараның салтанатты ашылуында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры М.Н.Сарыбеков облыс педагогтарына білім мазмұнын жаңарту аясында атқарып жүрген істеріне сәттілік тіледі.
Пленарлық сессия аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары Ш.Т.Каринова «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, аталған ұйымның Тараз қаласындағы филиал директоры Е.Н.Кохаева және Қызылорда қаласындағы филиал директоры С.Т.Камалова жетекші мектептің жұмысын үйлестірудегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.
Әдістемелік күн шеңберінде «Мектепішілік әдістемелік активтің жұмысын ұйымдастыру», «Мұғалімнің кәсіби дамуы бойынша жетекші мектеп пен серіктес мектептердің желілік өзара әрекеттестігі», «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектепішілік өзгерістерді басқару» және «Критериалды бағалау жүйесі» атты төрт диалог алаңдары ұйымдастырылды.
Диалог алаңдарының жұмысын Астана, Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларының Педагогикалық шеберлік орталық тренерлері жүргізіп, Тараздағы Зияткерлік мектеп пен пилоттық мектеп мұғалімдері тәжірибе бөлісті. Әрбір диалог алаңында төрт топ бір мезгілде жұмыс жасап, «әткеншек» әдісімен бір алаңнан келесісіне ауысу арқылы әдістемелік күн аясында қарастырылған тақырыптарды толығымен қамтыды.
Әдістемелік күн соңында жұмыс қорытындыланып, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша іске асырылатын жұмыс бағыттары нақтыланды.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.