Тараз қаласындағы NIS ағартушы педагог, ақын, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы қарсаңында «Дала қоңырауы» атты зияткерлік- танымдық сайысын ұйымдастырды.
Сайысқа жалпы Тараз қаласындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицейі-интернаты, дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты және Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен оқушылар қатысты.
Жүйріктер додасы 4 кезеңнен тұрды: «Өмір-дерек», «Өнер-білім бар жұрттар», «Кім жылдам?», «Жүйелі сөз жүйесін табар…». «Microsoft Teams» платформасында онлайн өткізілген сайыста оқушылар өз белсенділіктерін танытып, тартысты додаға айналдырды.
Ендеше, жарыс жүлдегерлерін атап өтсек: 1-орын иегері – Садуахас Жанель (Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты), 2- орын – Көшер Жасұлан, 3-орын – Жуас Әбілқайыр (ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты)
Жалпы зияткерлік-танымдық сайысты Жанар Абилакимов жүргізсе, Райхан Мәселбек, Мақпал Досмаилова қазылық етті. Осы орайда ұйымдастырушы кураторлар: Айгерім Сейдуалиева мен Эльмира Джансейітова ұйымдастырушылық қызметтерді атқарды.
Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды. 2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы. Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]
Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]
Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты. Соның ішінде Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды. Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.