Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстыру, нәтижелерімен бөлісу мақсатында 10 сынып оқушылары – Жазықбай Лейла, Баймаханова Фатима мен 11 сынып оқушылары – Марат Мерей, Құрманбаева Фаризаның жұмыстары қоғамдық тыңдалымнан өтті. Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік маңызы бар 2 ғылыми-зерттеу жұмысы таныстырылды.
«Шындықты іздеудегі өмір: Амантай Айзахметовтың тұлғасы, шығармашылығы және зерттеулері» атты зерттеу «Знамя Труда» газетінде қызмет еткен журналист Амантай Айзахметовтың өмірін, шығармашылығын зерттеуге бағытталған. Жас ғалымдардың айтуынша қазіргі таңда Жамбылдық журналист жайлы деректер аз. 10 сынып оқушыларының басты мақсаты – Италияның Пирги қаласында табылған Алтын тақтайшаларды шифрлау әдісін ұсынған зерттеушінің еңбектері туралы ақпараттың таралуына ықпал ету, Википедияда парақша ашу және жазушының жеке басы мен шығармашылығына арналған фильм түсіру.
Қоғамдық тыңдалымда талқыланған келесі зерттеу – «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қосқұдық орман шаруашылығы аумағындағы еңбек қызметі». Ғылыми жұмыс кең көлемді зерттеуді талап ететіндіктен авторлар басты назарға тек сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткен неміс ұлтының өмірі жайлы алған. Енді жас ғалымдардың мақсаты – Мойынқұм құмындағы еңбекші-қоныс аударушы немістердің тарихын қалпына келтіріп, олар жайлы деректі фильм түсіру, мақала жариялау, Википедияда беттерінде парақша ашу.
Тыңдалымға Жамбыл облысы әкімі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі Шоқпақов Қайрат, Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» директоры Сауран Қалиев, Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы Гуляев Артем, «Жамбыл облысының немістер қоғамы» ҚБ президенті Гибнер Александр, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Крокошева Анна, облыстық «Знамя труда» газетінің журналисі Гүлжан Асанова қатысты.
Аталған жоба жетекшілері: Исатаева Л.Ж., Утегенова К.О.
Оқушылар жобаларын қорғаумен ғана шектелмей, көтерген мәселелерін шешу жолдарын, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Тыңдалымға қатысқан белгілі тарихшылар, мемлекеттік қызметкерлер мен БАҚ өкілдері аталмыш жобалардың өзектілігін тілге тиек етіп, алдағы уақытта ақпараттық қолдау жұмыстарын жүргізу қажеттілігін айтты.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.