Мектепаралық онлайн кездесу өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
10.04.2021
999
700

Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің ұстаздары «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» бағдарламасы аясында жергілікті әріптестеріне іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін ұсынды. Аталмыш бағдарлама «ұстаздардың лауазымға тәуелсіз көшбасшылығы» идеясы мен тәжірибесін білім беру жүйесіне таратуға бағытталған үш жылдық бастама болып саналады. Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен іске асып жатқан бағдарлама Қазақстанның аймақтарында мұғалімдердің лауазымға тәуелсіз көшбасшылығын дамытуды көздейді.

Алғы сөз кезегі Сорос-Қазақстан қорының қоғамдық саясат жөніндегі кеңесшісі Сәуле Қаликоваға берілді. Ары қарай Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің өкілі, доктор Гүлмира Қанай «Көшбасшылық стратегиясы мен ықпалы» тақырыбында сөз өрбітті.

Мектепаралық кездесуде Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері «Оқушылардың анализдеу, синтездеу және зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында көрсетілім жасады.

«Жаратылыстану пəндерін кіріктіріп оқыту технологиясын қолдану» тақырыбында Ляззат Абильмажиновна; «Дифференциалды тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың зерттеу дағдысын дамыту» тақырыбында Айгуль Тулегеновна; «Интеграциялық тапсырмалар арқылы оқушылардың синтездеу дағдысын дамыту» тақырыбында Жүсіпназаров Рысбек және Ахмедиева Гүлнұр өз стратегияларын қорғады. Модератор математика пәнінің мұғалімі – Қанат Есеновна болды. Арнайы чатта стратегиялардың мазмұны қорғалып, оқушыларға берілетін тапсырмалардың үлгілері ұсынылды.

3 және 4 сессияларға мектеп мұғалімдері Даниярбек Рай, Анар Исмагулова арнайы қонақ ретінде шақырылды. Рай Керімбекұлы видео ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың математикалық білімін практикада қолдануды түсіндіріп, өзінің ютуб желісіндегі каналымен бөліссе, Анар Исмагулова «Жаһандық дағдыларды интеграциялау есебінен тілдік құзыреттілікті арттыру» тақырыбында ұсыныстарымен, пікірімен бөлісті. Кері байланыс жасау арқылы педагог мамандар әріптестеріне тақырыптың мәнін ашуға көмек берді.

Аталмыш шара мектеп мұғалімдеріне пайдалы өтті. Себебі, ұстаздар сабақ барысында баламен жұмыс істеу, түрлі әдістерді қолдану тәсілдерімен, тәжірибелерімен алмасты.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку