Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ата-аналар университетінің екінші модулі өтті. Телеэфир форматында ұйымдастырылған шарада «Психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбы талқыға түсті. 7-12 сынып оқушыларының ата-аналары жиынға онлайн түрде қосылды.
Телеэфирдің қонақтары ретінде білім беру саласының құрметті ардагерлері Гүлзия Заурбекова мен Есенкүл Кохаева, Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ шақырылды. Сондай-ақ, кездесуде Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары сөз алды. Олар ата-аналармен бірге жасөспірімнің бойында толеранттылықты тәрбиелеу, әріптестікте, отбасында қарым-қатынас жасау дағдылары, ересектер мен жасөспірімдер арасындағы шиеленісті шешу жолдары мен цифрлық сауаттылық жайында әңгіме өрбітті.
Кездесуде елордадан жиынға онлайн қосылған Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ аталған жобаның жүзеге асырылу барысын айта кетті. Сонымен қатар, Аида Төлендіқызы Ата-аналар университетінің жұмыс нәтижесі оқу жылы соңында конференциялармен қорытындыланатынын жеткізді.
Эфир көрермендері студия қонақтары мен спикерлерге түрлі сұрақтарын қойды, олардың ішінде ата-ананың үйдегі мінез-құлқы мен іс-әрекеті қандай болуы керек, баланың не жасөспірімнің көңіл күйі жоқ болса не істеу керек деген сауалдар кездесті.
– Кездесудің телеэфир форматында ұйымдастырылғаны тиімді болды деп санаймын, таңдалған тақырып та қазіргі пандемия жағдайында өте өзекті. Ата-аналар өздеріне қажетті мағлұмат ала алды деген ойдамын. Спикерлер өз ойларын жақсы жеткізе алды, бөліскен мәліметтері өздерінің күнделікті тәжірибелеріне негізделгені байқалды. Жасөспірім шақта бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керек, себебі дәл осы кезеңде бала бойында эмоционалдық, физикалық өзгерістер орын алады. Ата-аналар университетінің бұл бағытта берері мол деп сенемін, – деген ойымен бөлісті студия қонағы Есенкүл Нокрабекқызы.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.