Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектердің дәстүрлі кездесуі өтті. Кездесуге мектептің 40-тан астам бұрынғы оқушылары, бүгінгі Назарбаев Университеті, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚБТУ, ХАТУ, ҚМЭБИ Университеті, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, сондай-ақ Ресей, Сингапур, Испания, Венгрия, Қырғызстан ЖОО-ларының студенттері келді.
Қонақтар мектепке кірген сәтте «Мектепті қаншалықты жақсы білесіз?» квест-ойынын ойнап, естеліктерге кезек берді. Одан әрі мектеп директоры Тимур Нұркешов құттықтау сөз сөйлеп түлектерге олардың бастамашылдығы мен alma mater-ге деген құрметі үшін алғысын білдірді.
Кәсіби бағдар бойынша кеңесші Әйгерім Саржанова Түлектер қауымдастығының жұмысы туралы әңгімеледі. Ал түлектер өз кезегінде Ассоциация жұмысын одан әрі дамыту үшін түрлі идеялар мен жобалар ұсынды.
Жоғары сынып оқушылары болса оқу орындары мен олардың талаптары туралы барлық сұрақтарына жауап алды. Кеш шай ішумен, музыкалық ойын бағдарламасымен және достық жағдайындағы әдемі әңгімемен жалғасты.
Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды. 2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды. Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы. Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]
Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]
Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты. Соның ішінде Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды. Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.