Елбасы жолынан сыр шертетін шара өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
07.09.2019
999
700

Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен жасампаз идеялары» семинар-тренингі өтті.

«Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында өткен іс-шарада Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов сөз алып, семинар жұмысына сәттілік тіледі:

– Біздің кітапхана өз жұмысында әрдайым ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп келеді. Соның бірі Елбасымыздың тәуелсіз Қазақстанды құру мен дамытудағы еңбегін насихаттауға және өмірбаяны мен еңбек жолы арқылы көшбасшылық қасиетті дамытуға арналған бүгінгі семинар. Сіздер Тұңғыш Президентіміздің ең ауқымды жобасы саналатын Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алудасыздар. Яғни Н.Әбішұлының сара жолын жалғастырушылар мына сіздерсіздер, бүгінгі жас ұрпақ.

Сонымен қатар Әмірхан Мұратбекұлы  іс-шараны ұйымдастырып, қолдау көрсеткен Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нуркешовқа алғыс хат тапсырып, кітаптар тарту етті.

Кітапхананың ғылыми қызметкерлері дайындаған семинар материалдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолына негізделген. Оқушыларға арналып «Елбасытану» элективті курсы мен «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту» тренингі де өткізілді.

– Бүгінгі шара арқасында мен Елбасы туралы білгендерімді толықтырдым. Ол кісінің балалық шағы және жасөспірім кезіндегі басынан өткен оқиғаларын тыңдадық. Қарапайым отбасынан бола тұра,  дәуір адамына айналуы маған үлкен мотивация берді. Яғни, қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан алға мақсат қойып, ел тағдырын жақсартуға бағытталған әрекеттері біз үшін үлгі – деді 9 сынып оқушысы Әділет Жақыпбай.

Шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан семинар-тренинг қатысушыларына сертификаттар тапсырылды.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку