Тарих, көркем еңбек, дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өтті

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
14.02.2020
999
700

Бүгін Таразда Зияткерлік мектептің қатысуымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Облыстың 120-ға жуық мұғалімдері қатысып, орта білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру бойынша өз құзыреттіліктерін арттырды.

Семинардың негізгі тыңдаушылары тарих, көркем еңбек және дене шынықтыру пәні мұғалімдері болды. Олар оқытудың заманауи және тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, педагогикалық дағдыларын жетілдірді.

– Бүгін семинарда қалыптастырушы бағалау жолдарын қарастырдық. Бірнеше бағалау тәсілдерін үйрендік, сабақтарға қатыстық. Оқушылардың өздерін еркін ұстауы, мұғалімдермен қарым-қатынасы, ойларын еркін жеткізуі ойымыздан шықты. Ерекше атап өтетіні, мұндағы арнайы жасақталған ұлттық ойындар кабинеті қатты ұнады. Мектебімізде де дәл сондай кабинет ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Гүлсім Бектемісова.

Мұғалімдер «Lesson study сабақты тиімді жоспарлау құралы ретінде» «Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары» тақырыптарындағы  шеберлік сыныптар мен практикумдарға,  сондай-ақ 7, 8, 9, 10 сыныптармен өткен тарих, өнер және дене шынықтыру сабақтарына қатысып тәжірибе жинақтады.

– Сабақта зерттеу жүргізуді үйрендік. Жоспарлаудан бастап, мақсат қою, түрлі тапсырмалар беру бойынша нақты әдістер көрсетілді. Тек қана сабақты ғана зерттеу емес, сыныптың өзіне де зерттеу жүргізуге болатынын түсіндік, – деген ойымен бөлісті Т. Әубәкіров атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку