Тараз мемлекеттік университетінің базасында қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен Абай шығармашылығына арналған облыстық фестиваль өтті. «Білімдіден шыққан сөз» деген ұлы ақынның өлең жолдарымен аталған ауқымды шараға облыстың 10-нан астам мектептерінен келген командалар қатысып, өнер, робототехника салалары бойынша бақ сынады.
Шара шымылдығын «Хәкім Абай» театрландырылған қойылымымен ТарМУ студенттері ашты. Салтанатты ашылуда сөз алған ТарМУ ректоры Махметқали Сарыбеков және облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмилә Бекбатырова шараның маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірнеше түлектері қазір біздің университетте білім алуда. Солардың бірі болашағынан зор үміт күттіретін 4 курс студенті Салтанат Букешова. Бүгінгі күні Салтанат түрлі ғылым, білім додаларында топ жарып, университет беделін арттыруға атсалысуда, – деп атап өтті өз сөзінде Махметқали Нұрғалиұлы.
Фестивальда «Абайдың ізімен» атты білім саласын дамытудағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелі, «Абайдың қара сөздері – өнеге көздері» тақырыбындағы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу сайысы және «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» – робототехника олимпиадасы бір мезетте өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында мектеп басшылары мен жергілікті университет ректорлары мектеп пен ЖОО қызметіндегі сабақтастық мәселелерін талқылады. Олардың ішінде кадр даярлау, студенттердің білім сапасы, білікті мамандарды мектепке тарту туралы көкейтесті сұрақтар көтеріліп, бірқатар шешілу жолдары ұсынылды.
– Менің ұстаздық жолын таңдауыма кезінде өзіме сабақ берген педагогтар себепкер болды. Олар көрсеткен үлгі-өнеге мен үшін ұстаздық етудің негізгі моделі еді. Сондықтан да, білікті педагог тәрбиелеу үшін ең алдымен білікті ұстаз қажет. Себебі мектеп қабырғасына келген әрбір педагог өзінің ұстазынан үйренгенін жасайды. Бұл ретте оған үлгі болатын мұғалім білімді, абыройлы, парасатты болуы шарт, – деген ойымен бөлісті дөңгелек үстел барысында Зияткерлік мектеп директоры Тимур Нуркешов.
Университет фоесінде оқушылар құрастырған роботтар қазақтың ұлттық ойын түрлерінен жарысқа түсті. Олар асық ату, арқан тартыс, қыз қуу сияқты ойындарын ойнап, ептіліктерін көрсетті.
Акт залында облыс аудандарынан келген мектеп командаларының орындауында Абай шығармалары бойынша драмалық қойылымдар көрсетілді. Сайыс талабына сай оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар бір сахнада өнер көрсетті.
Фестиваль соңында жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындар табысталды. Тараздық Зияткерік мектебі Абай шығармаларын сахналауда бірінші орынға ие болса, роботқұрастырудан екінші орынды еншіледі.
Осылайша, қазақ данасы Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына арналған облыстық фестиваль білім мен өнер ұштасқан зияткерлік алаңға айналды.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.