ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАРАТУ ЖАЛҒАСУДА

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
03.04.2019
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін тарату бойынша екі күндік семинар-тренинг өтті. 2018-2019 оқу жылы ішінде аталған шара үшінші рет ұйымдастырылуда.

Бұл жолғы шараға қала және аудан мектептерінен келген 90-ға жуық тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары қатысты.

Семинар жұмысы Зияткерлік мектептің педагог-психологтары өткізген «Тапсырманы коллаборативті шешу» тренингінен бастау алды. Мұғалімдер топта жұмыс істей отырып, мәселелерді бірге шешіп, әр түрлі тапсырмаларды орындады.

Өткен семинарлардың нәтижелерімен Тараз қаласы №1 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасында бөлісті.

Ата-аналарды мектеп өміріне тартатын жобалар туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айша Жолдасбекова мен жатақхана меңгерушісі Шолпан Кульмахамбетова айтып берді.

Мектеп кураторлары өз әріптестерін «Екі апта ауылда», «Wikipedia», «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» сияқты әлеуметтік жобалар мен тәжірибелердің түрлерімен таныстырды.

Семинар соңында қатысушылар дөңгелек үстел форматында одан әрі ынтымақтастық мәселелері мен келесі кездесу күн тәртібін талқылады.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку