«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсуге дайындау мақсатында ақылы түрде байқау тестінің (бұдан әрі – байқау тесті) өткізілетінін хабарлайды.
Байқау тесті компьютерлік тестілеу форматында 4 пән бойынша 180 минут уақыт аралығында өткізіледі:
1) математика – 60 минут;
2) бірінші тіл (қазақ немесе орыс тілі) – 40 минут;
3) екінші тіл (қазақ немесе орыс тілі) – 40 минут;
4) ағылшын тілі – 40 минут.
Байқау тестіне қатысу бағасы 3 000 теңге.
Байқау тестін өткізу кестесі (Астана уақыты бойынша)
№ | Күні | Тіркелу уақыты | Тестілеудің басталуы | Тестілеудің аяқталуы |
1 | 25 қараша 2017 ж. | 9:00 | 10:00 | 13:00 |
2 | 9 желтоқсан 2017 ж. | 9:00 | 10:00 | 13:00 |
3 | 23 желтоқсан 2017 ж. | 9:00 | 10:00 | 13:00 |
4 | 13 қаңтар 2018 ж. | 9:00 | 10:00 | 13:00 |
5 | 27 қаңтар 2018 ж. | 9:00 | 10:00 | 13:00 |
Байқау тестіне тіркелу онлайн тіркелу порталы (http://trial-testing.nis.edu.kz) арқылы жүзеге асады. Байқау тестіне тіркелу тәртібі:
1-қадам. Онлайн тіркелу порталында байқау тестіне қатысушының заңды өкілінің тіркелуі (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші және т.б.);
2-қадам. Байқау тестіне қатысушының тіркелуі;
3-қадам. Байқау тестінің күнін, өткізілетін орнын таңдау;
4-қадам. Байқау тестіне қатысу туралы келісімшарттың (оферта) шарттарымен танысу және келісу (акцепт);
5-қадам. Байқау тестінің төлемін ePay онлайн төлем жүйесі немесе Қазақстан Республикасы банктерінің филиалдары мен бөлімшелері арқылы жүзеге асыру;
6-қадам. Қатысушының байқау тестіне сәтті тіркелгені туралы хабарлама алу;
7-қадам. Байқау тестіне қатысушының рұқсатнамасын басып шығару.
Байқау тестіне қатысушылардың тіркелу, қатысу үшін төлем жасау, рұқсатнаманы және нәтижелерді алу кестесі:
№ | Байқау тестін өткізу күндері | Порталда қатысушыны тестілеуге тіркеу және төлем жасау мерзімі* | Рұқсатнаманы алу күндері | Нәтижелерді алу күндері |
1 | 25 қараша 2017 ж. | 15–22 қараша | 24 қарашаға дейін | 30 қарашаға дейін |
2 | 9 желтоқсан 2017 ж. | 27 қараша–6 желтоқсан | 8 желтоқсанға дейін | 14 желтоқсанға дейін |
3 | 23 желтоқсан 2017 ж. | 11–20 желтоқсан | 22 желтоқсанға дейін | 28 желтоқсанға дейін |
4 | 13 қаңтар 2018 ж. | 3–10 қаңтар | 12 қаңтарға дейін | 18 қаңтарға дейін |
5 | 27 қаңтар 2018 ж. | 15–24 января | 26 қаңтарға дейін | 1 ақпанға
дейін |
*мереке күндерін есептемегенде
Сұрақтар туындаған жағдайда:
онлайн тіркелу порталы және басқа да техникалық сұрақтар бойынша қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз:
8 (7262) 99 98 54 (8 (7262) 99 98 54 (ішкі 5555)
Байқау тестіне қатысу үшін төлем және тест мазмұнына байланысты сұрақтар бойынша төмендегі телефонмен хабарласыңыз:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы | 8 (7172) 23 57 63 | 1312, 1314, 1315, 1316 |
Байқау тестінің өткізілу шарты мен тәртібі, қатысушыларды тіркеу, қатысу төлемақысын төлеу тәртібі және қатысушылардың байқау тесті кезінде өзін-өзі ұстау ережесі бойынша толық ақпаратты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін байқау тестін өткізу бойынша ережесінде көрсетілген (nis.edu.kz)
Байқау тестінің нәтижелері қатысушының заңды өкілінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.