Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында
2018-2019 оқу жылында білім алу үшін білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жарияланады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2018-2019 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 27 қараша мен 2018 жылғы 20 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Байқауға қатысу үшін өтініш беру (жүктеу)
2) Сауалнама толтыру (жүктеу)
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) 086/у медициналық анықтама формасы;
5) Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама;
6) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек.
Орта білім беретін ұйымдардың 7-11(12) сыныптарын толық аяқтаған үміткерлер Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға үміттенуіне құқығы жоқ.
7) Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана;
Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:
– Байқауға іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда;
– Көрсетілген құжаттардан басқа құжаттары толық болмаған жағдайда.
Құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 27 қараша мен 2018 жылғы 20 қаңтар аралығында келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266 үй, тел.: 8 (7262) 99-98-55
Тестілеу 2018 жылғы 3-4 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.