«Кітап әлемді бағындырады» дәстүрлі акциясы

2 – сәуір Халықаралық балалар кітабы күні және 23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күніне орай, Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі дербес білім беру ұйымы жыл сайынғы дәстүрлі «Кітап әлемді бағындырады» акциясын өткізуді жоспарлауда. Жоба мақсаты – мектеп оқушыларын, қызметкерлерін, сондай-ақ ата-аналарды кітап оқуға шақыру, олардың тұлғалық дамуына үлес қосу.

Іс-шараға дейін оқушылар, қызметкерлер және ата-аналар қалаған кітабы мен оның авторын алдын-ала толтыруға берілген анкетада көрсетулері қажет. Нәтижесінде әр қатысушыға кездейсоқ таңдау арқылы жұп белгіленеді және олар іс-шара күні мектеп алаңында белгіленген жұбына кітапты сыйға тартады.

Жыл сайын өткізілетін ауқымды акция арқасында кітап оқушылар қатары күн санап артып келеді. 2017 жылы осы акцияға барлық аймақтардағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 9092 оқырмандары қатысқан болатын.

Осыған орай, 2018 жылғы 23 сәуір күні республикамыздың әр аймағындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қатысуымен аталған шара бір мезетте ұйымдастырылмақ.

 

Өтетін күні: 23.04.2018 жыл

Басталу уақыты: 15.30

Өтетін орны: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Домалақ ана көшесі, 266

 

 

Токбергенова Меруерт Бахтияровна

Баспасөз хатшы

Байланыс номері: 8 705 112 61 01

Электрондық пошта: tokbergenova_m@trz.nis.edu.kz

 

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку