«Тәуелсіздік ұрпақтары – жалынды жастар!»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
08.02.2019
999
700

 

Жамбыл облысы мектептерінің 150-ден астам оқушысы Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  «Тәуелсіздік ұрпақтары  –  жалынды жастар!» жас көшбасшылар форумында бас қосты.

«Бүгінгі форумның мақсаты – жастар жылына арналған іс- шараларды жүзеге асыру, қала және облыс мектептерінде өзара тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау, жас көшбасшылардың ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ олардың интеллектуалдық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға бағытталған алаң құру», – деді Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Талғат Байназаров.

Шараға сонымен қатарТараз қалалық «Жас Отан» Жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығы», облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» өкілдері және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты.

Форум қонақтары мен спикерлері өз идеяларын «ТEDx» форматында таныстырып, тренингтік және ойын алаңдарында пікір алмасты.

Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, форум қатысушыларына алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.

Мектебіміздің ұстаздары “IMPACT Olympiad “ байқауының жүлдегерлері атанды.

8-13 қаңтар аралығында оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебінде, математика, физика және информатика пәні мұғалімдері мен олимпиадалық резерв тренерлерінің VI Халықаралық ашық шығармашылық байқауы өтті. Аталған іс-шараға еліміз бен шетелден 400-ге жуық математика, физика және информатика мұғалімдері мен тренерлері қатысты. Байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Абдуллаев Бекет Абубакирулы ІІІ дәрежелі дипломмен информатика пәні […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”A”сынып оқушысы Анарбек Арсен Мухамедалыұлы Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің кезекті грантының жеңімпазы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп келеді, […]

NIS оқушысы грант иегері атанды!

Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11”Ғ” сынып оқушысы Рахимов Зарифжон Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы университеттің 100% грант иегері атанды. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Әлем университеттерінің академиялық рейтингі бойынша Ресейлік жоғары оқу орындарының арасындағы үздігі сонымен қатар 97-ші орынды иеленіп, әлемдік 100-дікке енген. Аталған мектеп оқушыларына арналған олимпиада 2005 жылдан бері «via scientiarum» ұранымен өткізіліп […]

«Әулиеата үздігі-2023»

Өңірлік жастар форумында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы үздік деп танылған Әулиеата жастарын марапаттады. Мектеміздің 10 сынып оқушысы Бакирова Ф.Р “Үздік өнертапқыш” номинациясымен марапатталды. “Әулиеата үздігі” облыс әкімінің жастар сыйлығына ие болды. Зияткерлер үздік жобаларымен жоғарғы деңгейді көш бастап тұр. Жеңісті жобалар жалғасуда. Құттықтаймыз

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку