Бүгін облыстағы жетекші мектеп директорлары орынбасарларының алғашқы легі Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі тағылымдамаларын аяқтады.
Тағылымдама барысында Байзақ ауданы №1 мектеп гимназиясы, Жамбыл ауданы В.Чкалов атындағы орта мектебі, Тараз қаласының №30, №46 орта мектептері мен №12 Керімбай атындағы мектеп гимназиясы директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары тәжірибе шыңдады.
– Осы апта ішінде біраз жаңа ақпарат алдым. Мектептің даму жоспарына бірнеше бағыттарды қосу қажеттігін түсіндім. Әсіресе, оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысып, олимпиадаларға жиі қатысуын жолға қою қажет екен. Сонымен қоса, мектепте CLIL әдісін дамытуды қолға аламыз. Зияткерлік мектептің психологиялық қызметінің жұмысын да ерекше атап өтуге болады. Ол бағыт бойынша да жұмыстар жасалады болашақта, – деген ойымен бөлісті №46 орта мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Айман Қарсыбаева.
Директор орынбасарлары Зияткерлік мектептің даму жоспарынан бастап, оқушының оқу жетістігін бағалау, кітапхана ісі, оқушыға кәсіби бағдар беру, психологиялық қолдау қызметі, мұғалімнің кәсіби даму бағыты, іс-әрекетті зерттеу, тәрбие жұмысы жобалары және басқа да салалар бойынша әдістемелік қолдау алды. Сондай-ақ, сабақтарға қатысу арқылы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.
– Облыста 80 жетекші мектеп болса, солардың қырыққа жуығының басшыларын Зияткерлік мектепте апталық тағылымдамадан өткізу жоспарда тұр. Аталған шаралар оқу жылының соңына дейін жалғасын табады, – деді облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Газиза Омарбекова.
Тағылымдаманың соңғы күні директор орынбасарлары бес күннің нәтижесімен бөлісіп, кері байланыстарын берді. Ұсыныстар мен тілектер де айтылды. Зияткерлік мектеп директоры Тимур Нуркешов оқытуда оқушыларды дербестікке, яғни өз бетінше ізденуге дағдыландырудың маңызын айтты. Мұғалім бағыттаушы, бақылаушы рөлінде болуы қажет деген ойымен бөлісе отырып, жиынды қорытындылады. Қатысушыларға табысты еңбек тілеп, әдістемелік қолдау одан ары да өз жалғасын табатынын айтты.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.