Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2020 жылдың 29 мамырында онлайн режимде «Мұғалімнің іс-тәжірибесін зерттеудің заманауи тенденциялары» атты IV ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты мұғалімнің іс-тәжірибесін зерттеу нәтижелері мен қазіргі заманғы мектеп білімінің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған. Оған жалпы саны 190-ға жуық астам мұғалімдер, психологтар және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Пленарлық сессиясының модераторы Тараз қаласы НЗМ директорының орынбасары Әлия Жусанбаева болды.
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нуркешов конференция жұмысын аша отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру үшін мектепте қажетті жағдай жасаудың қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ, мектеп басшысы өз іс-әрекеттерін талдау мен тәжірибесін зерттеу педагог үшін кәсіби шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Назарбаев Университеті Жоғары мектебінің PHD докторы Гүлмира Қанаева өз баяндамасында заманауи педагогтың көшбасшылық қасиеттерін дамытудағы Hertscam халықаралық жобасының рөлі туралы айтты. Сонымен қатар, ұстаз көшбасшылығы тақырыбына толығырақ тоқталып, оның білім саласына беретін ұтымды тұстарын түсіндірді.
Тараздағы Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Ақбота Тоқтағанова оқушылардың оқу үлгерімі мен оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін сабақты зерттеу мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану мәселелеріне тоқталды.
Аталған талқылаулар 5 секция жұмысы аясында жалғасын тапты – Lesson Study, Action research, Hertscam:
Секцияларда барлығы 40-тан астам педагог жұмыс істеді, олар үшін конференция ақпараттық алмасу мен педагогикалық ынтымақтастықты дамытудың өзіндік алаңына айналды.
Конференция қорытындысы бойынша баяндама тезистерінің жинағын жариялау қарастырылған.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.