2020 жылғы 22 қаңтарында орта мектептермен жұмыс жоспарына сәйкес Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы мектеп педагогтары, білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен тәлімгерлерге арналған вебинар өтті.
«Қашықтықтан оқыту үрдісіндегі тәрбие жұмысының ұйымдастырылу формасы» тақырыбындағы жиынға 100-ге жуық тәрбие саласының мамандары қатысты.
Вебинарда қашықтан оқыту үдерісінде НЗМ жобаларын ұйымдастырудың жолдары туралы сөз қозғалып, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс ерекшелігі, қашықтан оқыту кезінде ата-анамен жұмысты ұйымдастыру жолдары, қосымша білім беруді сапалы ұйымдастыру, желілік іс-шараларды онлайн форматта өткізу және Skillfolio бағдарламасының тәжірибелерін тәрбие жұмысында қолдану әдістері айтылды. Сондай-ақ, оқушылардың қызығушылықтарын ояту бағытындағы мультимедиялық қосымшаларға шолу жасалынды.
– Қазіргі қалыптасқан жағдайда оқушының шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар ақсап қалмауы қажет. Оқытудың қашықтық форматына көшуі тәрбие жұмысының алдында жаңа мақсаттармен қатар жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Бұл педагогтардың жан-жақты білім алып, барынша дамуын талап ететін сәт деп түсінеміз. Сондықтан НЗМ тәжірибесінде бүгінгі күнге дейін жинақталған барлық тиімді практикаларымызбен бөлісіп отырмыз, – деді Тараз НЗМ директорының орынбасары Айша Жолдасбекова.
Вебинарға қатысушылар платформа чатында пікір алмасып, ұсыныстармен бөлісті.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.