Парасатты педагог, мақтан тұтар майдангер

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
09.05.2020
999
700

Мамыр айының алғашқы күндерінен бастап барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» марафоны жүзеге асырылып жатыр. Мектеп қауымдастығының әрбір мүшесі отбасындағы майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі жайлы түрлі бейнесюжеттер мен материалдар әзірлеп, көпшілікпен бөлісіуде.

Сұрапыл соғыс жылдарында кеуделерін оққа тосып, елі мен жерін қорғаған майдангерлер қатарында ұстаздар қауымы да аз болмаған. Солардың бірі Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Эльмира Акимованың әкесі – Тұрсын Әкімов.

Саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім беруге арнаған парасатты педагог, сол ұрпақты жау қолынан қорғауға да атсалысқан. Майдангер есімі өзі 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарған Жамбыл ауданындағы №7 Жетітөбе орта мектебіне берілген.

Ұлағатты ұстаз еңбегі аудандағы әрбір шаңырақ жадында, үлкен құрметке ие. Тұрсын Әкімов педагогикалық жолын Бірлік ауылында бастауыш мектеп мұғалімі болып бастаған. Артынша соғыс басталып, 1941 жылы майданға өз еркімен аттанады. Бір жылдан соң ауыр жарақат алып, демобилизацияланады. Оралысымен Шақпақ бастауыш мектебінің директоры болып жұмыс атқарады.

1944 жылы Т. Әкімов әскерге қайта шақырылып,  Кемеров облысының Сталинск қаласына комендант ретінде жіберіледі. Ол 1963 жылы отанына оралғаннан кейін, бірден Новожизненск орта мектебінің директоры болып тағайындалды. Осы жылы оның бастамасымен мектепке Максим Горькийдің есімі беріледі. Біраз уақыттан кейін Тұрсын Әкімұлы мектеп жанынан Кантемировка, Алексеевка, Луначарка, Некрасовка сынды қойлыауыл балаларына арналған интернат ашады.

Педагог майдангердің басты қасиеттерінің бірі жанашырлық пен кішіпейілділік еді. Өзі басшылық еткен мектептерде оқушылардың жайлы білім алуы үшін барлық жағдайды жасап келген.

Әкесінің ұстаздық жолымен қыздары да жүріп келеді: Урмира Тараз қаласындағы №21 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болса, жоғарыда айтқандай, екінші қызы Эльмира Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

– Әкеміз тамаша дарынды педагог қана емес, өз отбасын, ауылын шексіз сүйетін, солар үшін жанын салатын патриот азамат  болған. Қазіргі таңда оның тәрбиеленушілері мен оқушылары Отанымыздың түкпір-түкпірінде үлкенді-кішілі қызметтер атқарып жүр. Әкеміздің жасаған жақсылықтарын жерлестері ешқашан естен шығарған емес, – дейді олар.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку