Бақыттың кілті – «Берік отбасында»

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
04.03.2019
999
700

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар мен олардың жасөспірім-балаларының арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған «Берік отбасы» халықаралық жобасы енгізілуде.

Жеті апта бойы мектептің сертификатталған жаттықтырушылары –педагог-психолог Нұрбану Байтелиева мен куратор Сая Пискентбаева 20 оқушы және олардың ата-аналарымен отбасылық сабақтарын өткізді.

Әр сабақтың басында ата-аналар мен балалар өздерінің мәселелерін талқылап, тиісті дағдыларды дамыта отырып, жеке-дара жұмыс істеді. Содан кейін олар ойындар мен пікірталастар түріндегі интерактивті әдістерге негізделген бірлескен тапсырмаларды орындады.

Тренингтерді өткізу барысында ата-аналар балалармен сенімді қарым-қатынас жасауды және оларды тереңірек түсінуді үйренді, отбасында мінез-құлық ережелерін орнату, балаларды бақылау және оларды басқару, сондай-ақ тәртіпті қамтамасыз ету, ал жасөспірімдер – стрессті жеңу және жағымсыз әсерге қарсы тұру сияқты дағдылармен танысты.

– Мен осындай тренингке алғаш рет қатысып отырмын. Көптеген жаңа және пайдалы дүниелер үйрендім. Бала тәрбиесінде білмейтінім өте көп екен.  Белгілі бір кемшіліктер жібергенімді де байқадым. Мысалы, курстардан кейін мен шамалы уақытқа үй шаруасын ысырып қойып, ұлыммен көбірек сөйлесуді бастадым. Бұрын мен оны басқа заттармен қатар жасайтынмын, – дейді тренингке қатысушы ананың бірі Римма Анабекова.

Бағдарламаның жаттықтырушысы Нұрбану Байтелиева жобаның арқасында ата-аналардың бала тәрбиесіне және олардың психикалық дамуына деген қызығушылығы айтарлықтай артып отырғанын атап өтті. Олар балаларының өміріне көбірек қызығушылық танытып, олардың мектептегі өміріне де ынта-ықыласпен көңіл бөле бастағаны байқалған.

– Өзім төрт баланың анасы болғандықтан балаға дұрыс тәрбие беру жайлы көп ойланамын, ізденемін. «Берік отбасы» курсынан түйгенім, ең бастысы баламен дос болу керек екен. Балаға белгілі бір сәттерге шектеу қою керектігін де ұмытпау керек.  Үйде біз отбасылық жиналыстар жасап, жоспарлар құруды қолға алдық. Менің ойымша, бұл өте тиімді әдіс, – дейді 7-сынып оқушысының анасы Айжан Жаманкулова.

«Берік отбасы»  бағдарламасын Ұлыбританияның Оксфорд Брукс Университетіндегі денсаулық және әлеуметтік әл-ауқат мектебі әзірлеген. Ол 10 жастан 14 жасқа дейінгі балалары мен жасөспірімдері бар отбасыларға арналған. Бүгінгі күнге дейін «Берік отбасы» әлемнің 35-тен астам елінде енгізіліп, апробацияланған.

Бағдарламаның тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілген ғылыми зерттеулер тренингтерге дейін және одан кейін ата-аналар мен олардың балаларының мінез-құлқында айтарлықтай оң өзгерістер байқалғанын көрсеткен.

Бұл жобаны мектептің бастамашыл педагогтары – психолог  Наталья Балакина және кураторлар Сабина Тәтібаева мен Эльмира Джансейтова енгізуді жалғастырды.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку