Қазіргі таңда білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Себебі, жас ұрпақтың тағдыры, болашағы – мұғалімнің қолында екені сөзсіз.
Осыған орай, Тараздық NIS мұғалімдері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ustaz институтының “Педагогика” мамандығының 4 курс студенттеріне онлайн вебинар өткізді. 125 тыңдаушы қатысқан шара педагог мамандарды даярлауда ҚР ЖОО-ларға әдістемелік көмек көрсету шеңберінде ұйымдастырылды.
Жиын басында институт директоры Орынқыз Жолдасова сөз сөйлеп, аталмыш оқу орнының тарихына, болашақ мұғалімдерді үйретуде үлкен мүмкіндіктерге ие екендігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, заманауи педагогты оқытуда Зияткерлік мектептердің таптырмас серіктес екенін де тілге тиек етті.
Виртуалды шарада информатика, математика, физика пәндерінің мұғалімдері өз дәрістерін өтіп, жаңа бағдарламаға сай тың тәсілдерімен бөлісті. Атап айтсақ, қашықтықтан оқытуда АКТ инструменттерін, сабақта критериалды бағалау жүйесін қолданудың жолдары, қағидаттары мен құрылымдары секілді тақырыптарда ой өрбітті.
Мұғалімдер тек дәрістермен шектелмей, білімгерлерге тәжірибелік жұмыстар тапсырды. Болашақ ұстаздар мамандар сұрақтарына жауап беріп, өз кезегінде қызықты сауалдарын да қойып үлгерді.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.