Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
23.10.2019
999
700

Тараздағы Зияткерлік мектепте волейболдан ІІ-аймақтық спартакиада мәресіне жетті. Жүзден жүйріктер анықталып, марапаттар өз иелерін тапты.

Дәстүрлі додағаӨскемен, Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Семей, Петропавл және Тараз қалаларындағы Зияткерлік мектептерден 100-ден  астам  оқушы қатысып өзара сынға түсті.

Тартысты ойыннан бөлек спартакиаданың әр күні мәдени-көпшілік іс-шараларға да толы болды. Олардың арасында «Танысу шеңбері» тренингі, «Караоке-батл», «Би-батл», «IQ Game» квест ойыны, «Шеңберде кітап оқу», «Рухани Қазына» шеберлік сыныптары бар.

Сондай-ақ, шара аясында зияткер спортшылардың Тараздағы күндерінің арнайы бағдарламасы әзірленді. Қонақтардыңжарыстан тыс уақыттарда шаһар тарихымен танысып, көрікті жерлеріне серуендеуіне де жағдай жасалды.

Үш күндік сайыс соңында бабы мен бағы қатар шапқандар анықталды. Олар ұлдар арасында I орынды иеленген Павлодар қаласының құрамасы, II орынды иеленген Петропавлдық волейболшылар және III орыннан көрінген Семей қаласының Зияткерлік мектебі.

– Жеңісті қолдан бермеуге тырыстық. Қарсыластарымыз да осал болған жоқ. Жалпы үш күнде де ойын тартысты өтті. Ендігі бар күшімізді финалдағы кездесуге саламыз, – деді Павлодар қаласының ұлдар құрамасы.

Сонымен қатар, қыздар арасында I орындыТараздағы Назарбаев Зитякерлік мектебі иеленсе, II орынды Петропавлдық Зияткерлік мектеп командасы жеңіп алды. Ал, III жүлделі орын Павлодар қаласының құрама командасына бұйырды.

Айта кету керек, волейболдан аймақтық спартакиада Таразбен қатар Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы Зияткерлік мектептерде өтті. Оған еліміздің аймақтарындағы басқа да Назарбаев Зияткерлік мектептерінің волейбол командалары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша I және II орындарды иеленген үздік командалар 2019 жылы 23-25 желтоқсан күндері Алматыда өтетін спартакиаданың суперфиналында кездеседі.

 

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу.

🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]

 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында.

🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]

NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты.

🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀

 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді.

📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.  

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку