ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК РОБОТ ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
28.04.2019
999
700

Таразда World Robot Olympiad 2019 (WRO-2019) – Дүниежүзілік роботтар олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті. Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Жамбыл облысының 130-тан астам талантты жастары жиналды.

Жарысқа барлығы 67 команда қатысты, оның 15-і Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі намысын қорғады.

– Байқауға досым екеуміз «Сызық бойымен қозғалу» санаты бойынша қатысуға келдік. Жақында аудан мектептерінің оқушылары арасында бірінші орынға ие болдық. Бүгінгі қарсыластарымыз өте күшті, алайда біз жеңіске жетеміз деп сенеміз, – деді Ю. Гагарин атындағы орта мектептің 10 жасар оқушысы Олжас Абдукахар.

«Дарын» мектеп-интернатынынан келген келесі команда WRO жарысына «Роторлы смарт тұрақ» жобасын ұсынды. Команда қатысушылары Думан Бекенов пен Медет Омаров роботтандырылған құрылғының көмегімен елдің халық көп қоныстанған қалаларындағы тұрақ кеңістігін оңтайландыру мәселесін шешуге болады деп сенеді.

Байқау нәтижесіне сай, қазылар алқасы жалпы командалық есептегі бірінші орынды Тараз қаласының Зияткерлік мектеп құрама командасына берді. Екінші орынды «Дарын» мектеп-интернатының командасы иеленсе, үшінші орын «Білім-Инновация» лицей-интернатының командасына бұйырды.

Аймақтық кезеңде іріктеуден өткен командалар 2019 жылдың 24-26 маусым аралығында Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтетін республикалық олимпиадаға қатысады.

19-24 тамыз аралығында ұлттық құрамаға командаларды іріктеу бойынша оқу-жаттығу жиыны өтеді. Іріктелген команда 14-16 қараша аралығында Будапештте өтетін WRO-2019 халықаралық кезеңінде ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ World Robot Olympiad-тың Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі болып табылады.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку