ОБЛЫС МҰҒАЛІМДЕРІНЕ КУРСТАН КЕЙІНГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Толық ақпарат

Санаты:
Жаңалықтар
Жарияланған күні:
19.04.2019
999
700

Тілдік курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстың физика, химия, информатика және биологияны ағылшын тілінде оқытатын педагогтары үшін «Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде пәндерді ағылшын тілінде оқыту тәжірибесін тарату» семинары өткізілді.

Шараны Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Семинарға қала және облыс мектептерінің 40-тан астам педагогтары қатысты. Мақсаты – пән мұғалімдерінің пән мен тілді кіріктіріп оқыту туралы жүйелі түсінігін қалыптастыру.

Семинар жұмысын директордың сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары Асемгул Букутова және ағылшын тілінің шетелдік мұғалімі Эрон Дэвис «Командалық оқытуға кіріспе» презентациясымен ашты.

«Іс-әрекеттегі CLIL әдістемесі» тақырыбында жергілікті және шетелдік мұғалімдер Жұлдызай Жақыпбекова, Еркемай Тілеуқұл, Виктор Аваси және Александр Криштон семинар қатысушыларымен практикалық жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар, Зияткерлік мектептің биология, химия, физика және информатика мұғалімдері CLIL әдістемесін қолдана отырып, сабақты жоспарлау, сабақ мақсатын қалыптастыру, ағылшын тілінде түпнұсқалық материалдар мен ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар берді. Сондай-ақ, мұғалімдерге өзінің педагогикалық тәжірибесіне талдау жасау және CLIL-ді енгізу кезінде кездесетін мәселелерді талқылау ұсынылды.

Химия пәні мұғалімдері Ғазиза Жүсіпназарова мен Сирил Лусуегро жұптық оқыту үлгісін көрсете отырып, бірлескен демо-сабақ өткізді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарды еркін қоюға мүмкіндік алды.

– Дұрыс бағытта жұмыс жасап жүргеніме көзім жетті. Практикалық тапсырмалардың көп болғандығы қуантты. Күніміз жемісті өтті, – деп атап өтті рефлексия барысында семинарға қатысушы Бикен Элмуратов.

🌱«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Тараздағы NIS оқушылары XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауында жүлделі болды.  2–7-сынып оқушылары арасында өткен сайыста біздің зияткерлеріміз жаратылыстану-математика бағытта бақ сынады. Нәтижесінде, информатика робототехника Stem инженерия секциясынан Ақылбекұлы Даниал І орын және  дәл осы бағытта Тындыбеков Альмухаммед І орын еншіледі. Жетекшілері: Джусамбаев М.Т және Елибаева А. Талаптарыңа нұр жаусын!

🌱NIS оқушылары «Жас Әл-Фараби» республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз деп танылды

Жақында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» атты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының Х республикалық конференциясында Тараздағы НЗМ-нің оқушылары жүлделі орын мен алғыс хаттармен марапатталды.  Конференция нәтижесінде Тәжіхан Қанат және Қалдыбай Барысхан І-орынды иеленді. Байқауға ұсынылған “Smart Trash Bin” жобасы.  Оқушыларды үнемі үздік жобаларға дайындайтын жетекшілері: Рыбалкин М.А және Қасқарбаев […]

NIS оқушысы “IT Hub battle” жобасынан жеңіспен оралды🔥

Астана қаласындағы халықаралық бакалавриат Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен байқауда, мектебіміздің оқушысы Тәжіхан Мади жүлдеді – ІІ орынды жеңіп алды🔥 Екі кезеңнен құралған байқау «Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру» тақырыбында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – автоматтандыру саласына қызығушылық пен дамуды ынталандыру, елдегі дизайн және IT бастамаларының өсуіне ықпал ету, сонымен қатар қатысушылардың өмір […]

🌱Тараздағы NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарынан табылды.

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.  Соның ішінде  Асылхан Смет-Географиядан күміс медаль; Әбдіманап Ермахан-Информатикадан қола медаль иегерлері атанды.  Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша […]

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку