Тараз қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қоғамдық негізде тұрақты жұмыс істейтін, Қамқоршылық Кеңесінің отырысын өткізді.
«Microsoft Teams» платформасында онлайн форматта өткен жиынға:
Қамқоршылық Кеңес отырысының алғы сөзін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Тимур Нұркешов сөйлеп, белгіленген күн тәртібімен таныстырды.
Шара барысы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дәулет Ниязовтың оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы нәтижелерін көрсетуімен жалғасты. Жалпы қазіргі карантин балалардың оқуына еш кедергі емес екенін, қашықтықтан оқыту жұмысының қарқынды жүріп жатқаны жайлы баяндады. Онлайн білім алу оқушылардың жетістікке жетуіне де бөгет жасамайтыны сөзсіз.
Қашықтан оқыту кезінде білім берумен қатар тәрбие жұмысы да жүргізілуі тиіс. Қазіргі уақытта білім ошағында Microfot Teams бағдарламасы арқылы оқушылармен танымдық, рухани-мәдени жобалар, әлеуметтік тәжірибелер, қосымша білім беру, ата-аналармен серіктестік қызметтері іске асырылуда. Зияткерлік мектепте өткізілген іс-шаралар мен тәрбие жұмысының жетістіктері жайлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айша Жолдасбекова баяндады.
Мектептен түлеп ұшқан 600 түлектің 132-сі Назарбаев Университетінің студенттері болса, 47 шәкірт шетелдік жоғары оқу орнының білімгерлері атанған. Ал еліміздегі беделді университеттерге 421 түлегіміз түсті. Аталмыш ақпаратты директордың сыртқы байланыс жөніндегі орынбасары Жанат Алтаев мәлімдеді.
Жиын соңында Зияткерлік мектептің атқарған жұмысынан бөлек таяудағы стратегиялық жоспарлары жайлы сөз өрбіді. Мектеп директоры оқу ордасының айқын мақсатын көрсетіп, негізгі міндеттерін атап айтты. Мектеп мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.