«Пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» облыстық семинар-практикум

Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе отырып, 2018 жылдың 3 ақпанында облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 280-ге жуық мұғалімдері үшін  «Пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастыруды жоспарлауда.

Облыстық семинар-практикумның мақсаты – жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасына сай оқу сауаттылығын дамыту мен бағалау тәсілдерін меңгерту болып табылады. Жалпы облыстық семинар төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

  • Эссе жазу талаптары мен жолдары;
  • Оқылым тапсырмаларын құрастырудың жолдары;
  • Эссе сұрақтарын құрастыру жолдары;
  • Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру.

 

Өтетін күні: 2018 жылы 3 ақпан

Уақыты: 9.30-14.00

Өтетін орны: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Домалақ ана көшесі, 266

Қатысушылар: Жамбыл облысындағы жалпы білім беретін мектептердің     280 мұғалімі

 

 

Токбергенова Меруерт Бахтяировна

Баспасөз хатшы

Тараз қ. физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Байланыс номері: 8 705 112 61 01

Электрондық пошта: tokbergenova_m@trz.nis.edu.kz

NIS Komek Taraz

Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.

Мы на связи и отвечаем в течение 15 минут
Whatsapp
Telegram
Инструкции по работе с MS TeamsСбросить пароль от учетной записиОставить заявку