Бұл жолы конференцияға кіші буын оқушылары үлкен қызығушылық танытты. Олар Абайдың адамгершілік өсиеттері, аман қалғандардың жүйелі қателігі, таңдау қорқынышы сияқты түрлі тақырыптарда сөйледі.
Оқушы Балжан Сержанқызы өзінің он минуттық баяндамасында Абай шығармаларында көрініс тапқан негізгі адамгершілік құндылықтар жайында қысқаша және түсінікті жеткізе алды. Ол құрдастарын көрнекті философ пен ақынның идеялары мен ойларын тереңірек білуге шақырды.
«Тірі қалғандардың жүйелі қателігі» тақырыбында сөйлеген 9 сынып оқушысы Бекнұр Ратбек күнделікті өмірден мысал келтірді:
– Біз өте табысты адамдар бір кездері оқуларын тастап кеткенін естіп жатамыз. Олардың сәттілік кепілі осында деп ойлай бастаймыз. Өкінішке орай, біз университетті тастап, жұмыссыз қалған адамдардың қаншама екендігін ұмытып кетеміз. Бұл жағдайда Стив Джобс немесе Билл Гейтс секілді өте табысты адамдарды «аман қалған ұшақтар» деуге болады. Олардың жетістіктеріне сүйене отырып, жалған қорытынды жасаймыз.
9 сынып оқушысы Назира Сабыралы «Таңдау қорқынышы» тақырыбын таңдаған. Оның айтуынша, адам таңдауын жасағанда қорқынышты ұмытып, сабырлық пен шыдамдылық танытып, жағдайды барынша дұрыс бағалауы керек деп санайды. – Тек осылай ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады, – деп түйіндеді ол.
🌱Халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу. Осы жылдың тамыз айында қазақстандық делегация «Science on Stage Europe 2024» халықаралық STEAM мұғалімдер фестиваліне қатысты. Ұлттық делегация құрамына биология пәні мұғалімі Инна Валерьевна Аксёнова кірді, ол 2023 жылы халықаралық қазылар алқасымен ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы ретінде танылды. Инна Валерьевна халықаралық мектеп қауымдастығына өзінің «SMART WALL» авторлық жобасын ұсынды. Фестиваль аясында […]
🌱 Тараз NIS педагогтері халықаралық “WALS-2024” конференциясында. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) халықаралық конференциясын өткізді. Ауқымды шара 30-ға жуық мемлекеттен келген танымал сарапшылар, ғалымдар, практик педагогтердің басын қосты. Астаналық WALS-2024 конференциясы заманауи педагогикадағы стратегиялық тренд «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбына арналған. Ұстаздарымыз жаһандық […]
🌱NIS оқушылары әлемде жоқ ақылды құрылғы ойлап тапты. Зияткерлер бірден екі жобаны ұсыну арқылы 2 млн жеңісті жобаларды қорғап шықты. 🌟 Ең алдымен 3 орынды иеленген Umit жобасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың тәуелсіздігіне арналған инновациялық шешім! 🌟 Зияткерлер тілді қолдана отырып, цифрлық технологияларды басқаруға мүмкіндік беретін ерекше протез жасап шығарды.Енді ноутбук, телефон, кондиционер, теледидар, тіпті мүгедек арбасы да құрылғы арқылы толық басқаруға болады. Бұл – болашаққа жасалған қадам, онда технологиялар өмірді жеңілдетіп, қолжетімді етеді! Кезекті 3 орын Beelieve командасына Smart bee Hive жобасымен берілді — ара колонияларының денсаулығын сақтауға және бал өндірісін жақсартуға көмектесетін ақылды ара ұясы. Samsung-пен бірге біздің жобалар мыңдаған адамның болашағын өзгертеді деп сенеміз. Алға, жаңа жетістіктер мен инновациялар жолында! 🚀
📌 “Kiva буллингке қарсы бағдарламасын енгізу” тақырыбында аймақтық тренерлер педагогикалық кеңес өткізді. Жиын барысында қызметкерлерге толық түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, түрлі эмоциялық ойындар ұйымдастыру арқылы бағдарламаның маңыздылығын түсіндірді. Буллинг жағдайларындағы әрекеттер, хабарландырулар, пилоттық мектептерді оқыту, көмек көрсету сондай-ақ Kiva сабақтарының жоспарымен толықтай бөлісті.
Техническая консультация НИШ ФМН г.Тараз. Выберите удобный для Вас способ связи.